Туркестанское национальное объединение и его деятельность среди военнопленных второй мировой войны


Руководитель проекта: Кокебаева Г.К.

ИРН:  AP08855857

Жоба тақырыбы. Түркістан ұлттық бірлестігі және оның екінші дүниежүзілік соғыс тұтқындары арасындағы қызметі.

Ғылымды дамытудың басым бағыты: 6. «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер).

Мамандандырылған ғылыми бағыт. 6.3. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер: 6.3.5.Жеті қырлы Ұлы дала: мұра және тарихи қоғамның рухани жаңғыруы.

Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды уақыты: Басталу мерзімі: 01.10.2020, аяқталу мерзімі: 31.12.2022.

 

Өзектілігі: Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында белгілі бір тарихи кезеңдерде тарихи оқиғалар мен құбылыстарды әділ зерттеуге және объективті түрде түсіндіруге ұмтылатын зерттеушілер үшін түйткілді болған мәселелер бар. Осы мәселелердің кейбіреуі сталинизм кезеңінде саяси қуғын-сүргін жүргізуге себеп болды. Кеңестік Орталық Азия халықтары үшін Түркістан ұлттық бірлестігінің екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қызметінің тарихы, «Үлкен Түркістан» және Түркістан легионын құру идеясы осындай мәселеге айналды.

Жобаның мақсаты Түркістан ұлттық бірлестігінің Еуропа мемлекеттеріндегі қызметінің тарихын зерттеу, оның «Үлкен Түркістан» және соғыс тұтқындарынан ‒ кеңестік Орталық Азия республикалары халықтарының өкілдерінен жасақталған Түркістан легионын құру жобасындағы рөлін анықтау, Түркістан легионы тарихына кешенді талдау жүргізу болып табылады.

Күтілетін нәтижелер.

1) 1 мақаланы  Scopus базасында CiteScore бойынша процентилі 35% кем емес ғылыми журналда жариялау; БҒСҚК ұсынған импакт-факторы нөлден жоғары шетелдік немесе отандық баспада 4 мақала немесе шолу жариялау.

2) 1 монографияны дайындау және қазақстандық баспаларда жариялау.

3) Жұмыс нәтижелерін әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қауымдастығы және кең жұртшылық арасында тарату үшін «ХХ ғ. бірінші жартысындағы түркістандық саяси эмиграция» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізу.

4) Шетелдік архивтерде іздеу-зерттеу жұмыстары негізінде көрінекті түркістандық саяси эмигранттардың эпистолярлық мұрасының 1 жинағын дайындау және жариялау

Зерттеу тобы:

Жоба жетекшісі – Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері. С.М. Киров атындағы ҚазМУ (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) тарих факультетін, КСРО Ғылым Академиясы Жалпы тарих институтының аспирантурасын бітірген.  Жұмыс өтілі – 44 жыл. Германия, Польша, Венгрия, Ресей және Қазақстан архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесі мол. Ғылыми қызығушылығы аясына дүниежүзілік соғыстар мәселелерін зерттеу, әскери тұтқындардың халықаралық-құқықтық статусын анықтау, Еуропадағы Түркістан эмигранттарының қызметі, дүниежүзілік соғыстар кезінде соғыс тұтқындарынан әскери бөлімдер құру мәселелері кіреді. Кеңес және неміс биліктерінің соғыс тұтқындары мәселесі бойынша саясатын талдауға арналған монография жариялаған. 1ң мақаласы Scopus базасында және 16 мақаласы Web of Science қорында индекстеледі. Scopus базасындағы Хирш индексі – 2; WoS базасындағы Хирш индексі – 1.

Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері. С.М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетін бітірген. Еңбек өтілі – 51 жыл. ХХ ғ. Қазақстан тарихының мәселелерін, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуын, қазақстандық соғыс тұтқындарының және саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеумен айналысады. Ресей мен Қазақстан архивтерінде, оның ішінде қауіпсіздік органдарының архивтерінде зерттеу жүргізу тәжірибесі мол, сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау тұжырымдамасын әзірлеуге қатысқан, бірнеше рет ғылыми жобаларды басқарған.

Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері. Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетін бітірген. Еңбек өтілі – 17 жыл. Зерттейтін мәселелері аясына Түркістан аумағында 20-шы жылдарда автономиялық республикалардың құрылу тарихы, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін кіреді. Ресей мен Қазақстан архивтерінде зерттеу жүргізу тәжірибесі мол.

Сманова Айгүл Молдалықызы, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тарих кафедрасының доценті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетін бітірген. Еңбек өтілі – 23 жыл. Қазақстан аумағында құрылған 20-шы жылдары автономиялар тарихын зерттеумен, поляк соғыс тұтқындарынан генерал Андерс басқарған әскери бөлім құру және соғыс тұтқындарын еліне қайтару мәселелерімен айналысады. Ресей, Өзбекстан және Қазақстан архивтерінде зерттеу жүргізу тәжірибесі мол.

Исахан Ғазиза Тұрмағанбетқызы, Нұр-сұлтан Қалалық мемлекеттік архиві Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «араб тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі – 31 жыл. Франция, Польша және Мысыр архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Г.Исахан Франциядағы М.Шоқайдың жеке архивін зерттеген Қазақстанның алғашқы маманы. Ғылыми қызығушылығы аясына Еуропадағы түркістан эмигранттары қызметінің тарихы, Түркістан ұлттық бірлестігінің мерзімді басылымдарындағы жарияланымдарды талдау кіреді. Мұстафа Шоқайдың көп томдық еңбектерін құрастыруға қатысқан.

Стамшалов Еркін Иманғазыұлы, Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының докторанты. Абай атындағы ҚазҰПУ бакалавриатын,  аль-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасын «тарих» мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек өтілі ‒ 20 жыл.  Кеңестік кезеңдегі әлеуметтік және саяси қақтыңыстар мәселесін зерттеумен айналысады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесі бар және Ресей мен Қазақстанның архивтерінде ізденістер жүргізген.

Закарья Рахметолла, 1993 ж.т., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты. «Тарих» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Италиядағы Болонье университетінде магистратурада оқыған. Еңбек өтілі – 3 жыл. Саяси эмигранттар қызметінің тарихын зерттеумен айналысады, тақырып бойынша ағылшын тілді ғылыми әдебиетке талдау жүргізеді.

5) Ғылыми жоба жетекшісі Г. К. Көкебаеваның 2015-2019 жж. негізгі жарияланымдары:

  1. Көкебаева Г.К. Лига «Прометей» и тюркская эмиграция в Европе // Актуальные проблемы всемирной истории. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – С.25-28.
  2. Кокебаева Г.К. Участие казахстанцев в Движении Сопротивления в странах Европы // Е.Б.Бекмаханов және тарихи тұлғаларды тану мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – Б.32-36.
  3. Көкебаева Г.К. Ұлттар Лигасы және түркі халықтарының тәуелсіздік жолындағы күресі // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2015. – № 3. ‒ Б. 226-232.
  4. Kokebayeva G.K. Turkestan in the foreign political strategy of Germany in the first half of the 20th century // Bilig. – 2016. – Say 76. – P.117-137.
  5. Кокебаева Г.К., Имярова З.С. История создания Русской освободительной армии // Вестник КазНПУ, серия «исторические и социально-политические науки». – 2017. – №4. ‒ С.46-51
  6. Kokebayeva G.K. Chatybekova K., Abisheva M. Russia and the establishment of the Hague system of international legal protection of the prisoners of war  // Bylye gody. – 2017. – Vol.45, Is.3. – P.978-985. DOI: 10.13187/bg.2017.3.978
  7. 7. Кокебаева Г.К. Материалы германских архивов как источники изучения дипломатических аспектов истории второй мировой войны // Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы: жаңа деректер және интерпретациялар / ред. Е.Б. Сыдықов. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2017. ‒ С.60-65.

8.Кокебаева Г.К. Основные направления политики нацистских властей по содержанию советских военнопленных // Всемирная история и международные отношения в Евразии в свете современной интеграции и модернизации. – Алматы:Қазақ университеті, 2018. – С.52-57.

  1. Кокебаева Г.К. Из истории создания восточных легионов: предпосылки и статистика // Вестник КазНПУ, серия «Исторические и социально-политические науки». – 2019. – №1.‒ С.89-97.
  2. Көкебаева Г.К. Мұстафа Шоқай және Еуропадағы түркі эмиграциясы // Ұлы дала тарихы: тарихтан қазіргі заманға дейін». Халықаралық Еуразиялық форумның материалдары. 1-том / Жалпы ред. басқарған Е.Б.Сыдықов. – Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы EҰУ, 2019. ‒ Б.142-148.
  3. Kokebayeva G.K., Kabuldinov Z.E., Mukhazhanova T.N., Akhmetova Y.T. Muslim prisoners of World War I in the camps of the Triple Alliance countries // Bylye gody. – 2020. – Vol.35. Is.1. – P.352-359. DOI: 10.13187/bg.2020.1.352

Зерттеу тобы мүшелерінің негізгі жарияланымдары:

  1. Алдажуманов К.С. Казахстан в период ВОВ Советского Союза // 70 лет Победы в Великой Отечественной войне: подвиг народа и уроки истории. ‒ Москва: МГУЗ, 2015. – С.116-123.
  2. Алдажұманов Қ.С. Тұтқындағы қазақ жауынгерлері және Түркістан легионы (1941-1945 жж.) // Отан тарихы, 2016.‒ № 4 (76). ‒ Б. 41-59.
  3. Исахан Ғ.Т. Қайғы жұтқан хаттар // Мұстафа Шоқай – Алаштың алып тұлғасы. Мақалалар жинағы. ‒ Қызылорда: Тұмар,2015. ‒ Б. 126-130.
  4. Kozybayeva M.M. Kazakhs in the Second World War: Rakhimzhan Koshkarbayev // Международная научно-теоретической конференция «Роль личности в истории Отечества в рамках практической реализации статьи Н.А. Назарбаева «Семь граней Великой Степи». – Алматы: Литера-М, 2019. ‒ С. 368-372.
  5. Kokebayeva G., Smanova A. Repatriation of Russian prisoners of war in World War I  // European Proceedings of Social and Behavioural Sciences. – 2017. – Vol.XX. – P.217-225. doi:10.15405/epsbs.2017.01.02.22 Индексируется  в WOS ISI CPCI.
  6. Kokebayeva G. K., Myrzabekova R.S., Smanova A.M., Mukhazhanova T.N. The problem of organizing care for the wounded and sick soldiers during World War I // Bylye gody, 2019, Vol.52, Is.2. ‒ P.892-900. DOI: 10.13187/bg.2019.2.892
  7. Muratuly D., Panto D., Smanova A. Some historical and political background and reasons for the creation of the 1st polish infantry division named after Tadeusz Kosciuszko in 1943-1945 // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы (ISSN 1728-5461), №2(65), 2020 ж. 87-92 бб. .
  8. Мустафа Шокай. Туркестан — наша общая колыбель (Туркестан в документах личного архива М.Шокая 1920-1940 гг.)., 1 том. / Составитель Г. Исахан. ‒ Алматы: Қазығұрт, 2011. ‒ 400 с.
  9. Сманова А.М. Түркістан мұхтариятындағы саяси ұйымдардың қызметі // Алаш мұрасы және Қазақстан қоғамындағы рухани жаңғыру: сабақтастық мәселелері. ‒ Алматы: Қыздар университеті, 2017. ‒ Б.65-70.
  10. Шілдебай С.Қ. «Ұлы Отан» соғысы тарихының кейбір мәселелері // Победа советского народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. и современность. – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2010. – С. 302-309.

Жоба бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мынадай ғылыми басылымдарда жарық көрген:

  1. Көкебаева Г.К. Кеңес-герман майданындағы соғыс тұтқындарының халықаралық-құқықтық статусын анықтау мәселесі // Отан тарихы. – 2021. – № 2. – Б. 101-113.  (КОКСОН)
  2. Көкебаева Г.К. Түркістан ұлттық бірлестігінің Еуропа елдеріндегі қызметі // Отан тарихы. – 2021. – № 3. – Б. 182-189. (КОКСОН)
  3. В эмиграции: Эпис­толярное наследие Мустафы Шокая. 1919-1941 / Ред.Г.К.Кокебаева; составители: Г.Т. Исахан, Г.К. Кокебаева, С.К. Шил­дебай. ‒ Алматы: Полигра­фия сервис и К0, 2021. ‒ 488 с.
  4. Сманова А., Шілдебай С. Мұстафа Шоқай және шетелдердегі ұлттық өкілдердің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі // «edu-e-Histopy.kz» электронды журналы. – 2021. – №3. DOI: 10.51943/2710_3994 (рецензируемый журнал)
  5. Исахан Ғ.Т. Эмиграциядағы түркі зиялыларының архивтерін жинақтау мәселесі // «Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздық тарихы және мемлекеттілікті нығайтудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. – Алматы: Қыздар университеті баспасы, 2021. – Б.116-121.
  6. Көкебаева Г.К. «Қысқы соғыс» және тұтқындар мәселесі // «Қазақстанның ұлы жеңіске қосқан үлесі және Ақай Нүсіпбеков мұрасы» атты Респ. ғыл.-тәжірибелік конф. материалдарының жинағы. – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2021. – Б.34-40.
  7. Сманова А.М. Түркі халқының зиялы азаматы Исмаил Гаспыралының педагоги­калық мұрасы // «Академик М.К. Козыбаев и современная концептуализация отечествен­ной истории» Международная научно-теоретическая конференция. 16 ноября, 2021 г. (в печати)
  8. Стамшалов Е.И., Исахан Ғ.Т. Европадағы эмиграция өкілдері ХХ ғ. 20-30 жылда­рын­да­ғы Қазақстандағы босқыншылық пен аштық туралы // Материалы республиканской научно-практической конференции на тему: «Голод начала 30-х гг. XX века в Казахстане и вынужденные миграции казахов на сопредельные территории: проблемы исследования». Алматы, 8 октября 2021 г. (в печати)
  9. Исахан Ғ. Эмигранттар: түркі зиялылары туралы құжаттарды жинақтау, ғылыми зерттеулер аясын кеңейту мәселелері хақында // Егемен Қазақстан, 2021 жыл, 16 наурыз.
  10. Көкебаева Г. Біз Отанымыздың ұлттық теңдікке ұмтылысынан нәр аламыз // Егемен Қазақстан, 2021 жыл, 17 мамыр.
  11. Көкебаева Г. «Үлкен Түркістан»: деректер не дейді? // Егемен Қазақстан, 2021 жыл, 2 маусым.
  12. Көкебаева Г. Тұтқынның талайсыз тағдыры // Астана ақшамы, 2021 жыл, 24 маусым; 26 маусым.
  13. Шілдебай С. Соғыстың зардабы мен сабағы // Астана ақшамы, 2021 жыл, 22 маусым.
kk