Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ХХ ғ. Қазақстан тарихы бөлімінің зерттеу жұмыстары мен қызметінің негізгі бағыттары


1. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Бөлім қызметкерлерінің ғылыми қызығушылық мәселелері Кеңес Одағы ыдырағанға дейін ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемаларын зерттеу жұмыстарына байланысты. Олардың арасында мынадай бағыттарды атап өткен жөн:

  • 1917 жылғы Ресей төңкерістері кезеңіндегі Қазақстан;

«Алаш» қозғалысы мен Алаш зиялыларының тағдыры;

  • Қазақстан азаматтық қарама-қайшылық жылдарында;
  • ұлттық және кеңестік мемлекеттік құрылыстың проблемалары;
  • саяси қуғын-сүргін тарихы;
  • күштеп ұжымдастыру және ашаршылық, 1930 жылдардағы
  • көтерілістер мәселелері;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан;
  • Қазақстанның мәдениет тарихын, жаңғырту транзиті жағдайында этномәдени кодты сақтауды;
  • республика халқының көпұлтты болуын қалыптастыру, ұлтаралық қатынастардың ерекшеліктері;
  • Әлеуметтік-экономикалық дамудың кеңестік моделін трансформациялау.

Бөлімнің ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшелігі зерттеу дискурсының негізгі бағыттары мен Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуында. Себебі тәуелсіздік кезеңіндегі көптеген құбылыстар мен оқиғалар алдыңғы кеңестік кезеңнің ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР, содан кейін КСРО құрамындағы Қазақ КСР-ның Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің қалыптасуы және Қазақстанның қазіргі мемлекеттік шекараларының қалыптасуы, немесе кеңес кезеңіндегі табиғи байлықтарды игеру тарихы мен өнеркәсіптік құрылыс және республиканың үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының қазіргі мәселелері.