Этнология және антропология бөлімінің зерттеу жұмыстары мен қызметінің негізгі бағыттары


Этнология және антропология бөлімі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының құрылымындағы бірден-бір жетекші бөлім болып табылады. Бөлімде жүргізілетін зерттеулердің негізгі тақырыбы өткен тарихи дәуірлерде және қазіргі кезеңдердегі қазақ халқының (қазақ диаспорасы), сондай-ақ Қазақстан территориясында тұратын этникалық топтардың этнографиясына, этнологиясына, антропологиясына қатысты барлық мәселелердің жиынтығын қамтиды:

  • өзекті зерттеу бағыттарын ұйымдастыру;
  • кешенді, іргелі жобаларды іске асыру;
  • жаңа келешегі бар ғылым салаларын дамыту;
  • кешенді далалық экспедицияларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • ұжымдық және монографиялық еңбектер жариялау;
  • кадрлар дайындау. 

Қазіргі кезде Бөлімнің негізгі стратегиялық зерттеу бағыттары мынадай: қазақтың тарихи этнографияның кейбір зерттелмеген салалары, диаспора тарихы мен мәдениеті, этноархеология, этносоциология және антропология бағыттарын әрі қарай дамыту, «ХХ ғ. 2-ші жартысындағы қазақ этнографиялық мектебінің» мұрасын игеру және оның жетістіктерін жариялау.