Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дүние жүзі тарихы бөлімінің зерттеу жұмыстары мен қызметінің негізгі бағыттары


Бөлімнің ғылыми-зерттеу жұмысы үш бағытта жүргізіледі: бірінші бағыт шет елдердің тарихын қамтиды; екінші бағыт әлемдік тарихи процесс контекстіндегі Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу проблемасымен байланысты; үшінші бағыт – жалпы дүниежүзілік тарихтың және атап айтқанда Қазақстан тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелерін зерттеу. Болашақта бөлімнің ғылыми-зерттеу жұмысы келесі мәселелерді зерттеуге бағытталады:

– жекелеген еуропалық елдердің тарихын зерттеу (елдің таңдауы ғылыми әлеуеттің жағдайына байланысты анықталады);

– дүниежүзілік соғыстар тарихын, халықаралық қатынастар тарихын, әскери тұтқындардың мәселелерін зерттеу;

– тарихты “көлбеу (горизонталь)» бойынша зерттеу, яғни сол кезеңдерде өткен халықтар мен елдердің тарихын салыстыра талдау;- Қазақстанның жаңа және қазіргі тарихының ірі оқиғалары мен құбылыстарын Ресей империясы мен КСРО дамуының контекстінде зерттеу.