Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


КАРМЫШЕВА Джамалия Халилқызы


(9.11.1914, Құлжа қ. (ҚХР) – 1995, Алматы) – этнограф, шығыстанушы. Жекеменшік сауда фирмасының қызметкері болып істеген көпбалалы татар отбасында дүниеге келген ол көп қиыншылық көріп өсті. Отбасы Қытайдан Ресейге қоныс аударып келгеннен кейін, әкесі 1930  ж. қамауға алынып, Колымаға жер аударылды. К. 1940 ж. басында Ташкенттегі Орталық Азия мемл. ун-тінің геогр. ф-тін бітірді. 1959 ж. ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих, археол. және этногр. ин-тына ғылыми жұмысқа ауысты. Белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсене айналысқан К. бірнеше далалық зерттеу экспедицияларына қатысты. Ш.Ш. Уәлихановтың бес томдық шығарм. жинағын баспаға шығаруға дайындаумен айналысқан шоқантанушылар тобының мүшесі болды. Ғылыми қызығушылығы қазақ халқының этникалық мәдениетін, отбасылық-тұрмыстық, а. ш. әдет-ғұрыптары мен күнтізбелік дәстүрлерін зерттеуге арналды. Д.К. – қазақтың тұңғыш тарихшы-өлкетанушысы және этнографы Құрбанғали Халид туралы алғашқы зерттеу дайындағандардың бірі.

Шығ.: Путь в мир вечный (рукопись). – Алматы, 1995; Ислам у казахов (до 1917 г.). – М., 1997. – 161 с. (В соавторстве с В.Н. Басиловым); Земледельческая обрядность у казахов // Древние обряды, верования и культы народов Средней Азии / Историко- этнографические очерки. – М.: Наука, 1986. – С.47-66; Земледельческая обрядность у казахов // Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. – А.-Ата: Наука, 1980. – С.249-253; Семья и семейный быт // Культура и быт казахского колхозного аула. – А.-Ата, 1967; Казахстанский историк-краевед и этнограф Курбангали Халиди (1846-1913) // Советская этнография. – М., 1971. № 1; О написании некоторых названий и имен // Известия АН КазССР, серия общественная, 1973. – № 3.

Әдеб.: Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005

З. Төленова, А. Қали