Тарихи демография бөлімінің зерттеу жұмыстары мен қызметінің негізгі бағыттары


Бөлім демографиялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен оларды тудыратын факторлар арасындағы өзара байланысты зерделеу, демографиялық болжамдарды әзірлеу, әлеуметтік, жыныстық-жас, конфессиялық, неке-отбасы және басқа салалар бойынша Қазақстандағы демографиялық жағдайды, этноәлеуметтік және көші-қон процестерін және т. б. зерделеу жұмыстарымен айналысады.

  • іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу; кешенді, іргелі жобаларды іске асыру; ғылымның жаңа, перспективалық бағыттарын дамыту;
  • кешенді зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; ұжымдық және монографиялық еңбектерді басып шығару;
  • этносаяси салаға байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ, кешенді этносаяси зерттеулерді дамыту.
  • ҚХА құрылымдарымен, ғылыми-сараптамалық және этномәдени қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ бөлім, мемлекеттік басқару органдары, заң шығарушы және атқарушы билік құрылымдары қабылдайтын көші-қон процестері саласындағы шешімдерге сараптама жүргізеді.
  • Әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени үдерістер контексінде этносаясатты зерттеудің кешенді тәсілін қамтамасыз ету.
1 / ?