Тарихи демография және Қазақстан халқы ассамблеясы бөлімінің қызметкерлері
- Әпендиев Тимур Әкімханұлы – бөлім меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер, PhD. Тарихшы-демограф. «Түркістанның фабрика – зауыт өнеркәсібі» монографиясының авторы (2018).
- Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы – бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, доцент. Тарихшы, тарихшы-демограф, Қазақстанның тарихи демографиясы және кеңестік кезеңдегі отандық тарихтың өзекті мәселелері жөніндегі маман. 200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстардың, энциклопедиялық, деректі, биобиблиографиялық жинақтар мен 4 монографияның авторы.
- Уалтаева Алтын Слямқайдарқызы – жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары Қазақстан тарихының жалпы мәселелері, этнодемографиялық процестер және республиканың бүкіл халқын, сондай-ақ шағын қалаларды зерттеудің пәнаралық проблемалары. Сонымен қатар, ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасының» 10 ғылыми-зерттеу институты интеграциясының бірлескен білім беру бағдарламасы аясында магистранттар мен докторанттарды даярлау орталығының жетекшісі болып табылады.
- Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлы– ғылыми қызметкер, PhD докторанты. Тарихшы-демограф. (зерттеу тақырыбы – «ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан джадидтерінің мәдени-ағартушылық қызметі»).
- Жунусова Бота Нәдірқызы – ғылыми қызметкер, PhD докторанты. Тарихшы-демограф. (зерттеу тақырыбы – «Қазақстандағы поляк диаспорасының қалыптасуының тарихи аспектісі».
- Омарова ГульнарӘлімбекқызы – научный сотрудник, магистр. Қазақстан Республикасы халқының дамуы мен тарихи демографиясының зерттеу қызметінің тақырыбы. «Қазақстан тарихы ғылымы» (Алматы, 2005), «1939 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Қазақстан халқы. 5 томдық. 1 том» (Алматы, 2009).