Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тарихи демография және Қазақстан халқы ассамблеясы бөлімі


Аты-жөні: Жүнісова Бота Нәдірқызы

Қызметі: ғылыми қызметкер

Ғылыми дәрежесі, атағы: әлеуметтік ғылымдар магистрі

Е-mail: botanadirkyzy@gmail.com

Білімі: жоғары

2019-2022 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, PhD докторантурасы.

2013-2015 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінің магистратурасы. Мамандығы: аймақтану (үздік диплом).

2004 – 2008 жж. Философия және саясаттану институтының саясаттану мамандығы бойынша аспирантурасы.

1999 – 2003 жж. Аблай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. Халықаралық қатынастар маманы (үздік диплом).

Кәсіби тәжірибесі:

2019 ж. – бүгінге дейін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тарихи демография және ҚХА бөлімінде ғылыми қызметкер;

2004-2015 жж. Философия және саясаттану институтында, саясаттану бөлімінің ғылыми қызметкері;

2006-2018 жж. Аблай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіндегі халықаралық қатынастар факультетінің аймақтану және әлеуметтік ғылымдар кафедраларының оқытушысы;

2004 ж. Халықаралық қазіргі саясат институтының Ақпараттық-талдау тобында редактор.

Ғылыми бағыты: Мемлекеттік құрылыс, Ұлт құрылысы, аймақтық даму мен қауіпсіздік, интеграция, жергілікті өзін өзі басқару, тарихи демография, тарихи ұжымдық жады, ауызша тарих, әлеуметтік тарих.

Бірнеше ғылыми жобалармен жұмыс істеді.

Жарияланымдар: отандық және шетелдік басылымдардағы 20-дан астам мақалалар мен шолулардың авторы.