Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дүниежүзілік тарих және сыртқы байланыстар бөлімінің зерттеу жұмыстары мен қызметінің негізгі бағыттары


Дүниежүзілік тарих және сыртқы байланыстар бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының (бұдан әрі – институт) жетекші құрылымдық бөлімінің бірі болып табылады, шетелдік серіктестермен сыртқы байланыстар мен ынтымақтастықты орнату және дамыту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың барлық кешенін орындайды. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері ғылыми зерттеулермен де айналысады.

Бөлімде жүргізілетін зерттеулердің жалпы тақырыптары әлеуметтік тарих пен антропологияға, сондай-ақ депортация, жаппай қуғын-сүргін, ақтау және басқа да Қазақстанның жаңа тарихының негізгі мәселелеріне байланысты жиынтығын қамтиды:

– шетелдік ғалымдарды қазақстандық тарихшылар алдында баяндама жасауға шақыру;

– институттың ресми серіктестерімен және түрлі елдердің жетекші мамандарымен негізгі мәселелер бойынша халықаралық семинарлар, конференциялар өткізу;

– институттың Қазақстан тарихының мәселелерін зерттейтін шетелдік (алыс, жақын) ғылыми орталықтармен және университеттермен екі жақты байланыстарын нығайту және дамыту.

– зерттеудің өзекті бағыттарын әзірлеу;

– кешенді, іргелі жобаларды іске асыру.Осылайша, бөлімнің басым міндеттерінің бірі институттың халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру, шетелдік серіктестермен байланыстарды қалыптастыру және үйлестіру, ғылыми еңбектерді және мұрағат құжаттарының жарияланымдарын дайындауды қоса алғанда, бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу болып табылады.