Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Этнология және антропология бөлімі


Аты-жөні:ЗІКІРБАЕВА ВЕНЕРА СЕРІКҚЫЗЫ

Қызметі: кіші ғылыми қызметкер

Ғылыми дәрежесі, атағы: Тарих магистрі

Байланыс мәліметтері: e-mail: vini_89.kz@mail.ru

Өмірбаяны:

1989 ж. 7-ақпан күні Алматы облысы Балхаш ауданының Бақанас ауылында дүниеге келді. 2004 ж. сол жердегі №1 Үлгілі орта мектепті бітірді. 2004 ж. бері Алматы қаласында тұрады.

Білімі: жоғары

2004-2008 жж. – РМҚК «О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі. Мамандығы: көркем тоқыма.

2010-2012 жж. – Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы (үздік диплом). Мамандығы: графикалық дизайн.

2018-2020 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасы. Мамандығы: археология және этнология.

Ғылыми дәрежесі: 2020 ж. «Қазақ этнографиясы XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасыр басындағы фотоматериалдарда» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. Кеңесші – т.ғ.к., Ә.К. Шашаев, Магистратура бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Кәсіби тәжірибесі:

2014 ж. – бүгінге дейін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер.

2013-2014 жж. – ҚазИТУ-да офис-менеджер.

2008-2010 жж. – №4 орта мектепте бейнелеу пәнінің мұғалімі.

Ғылыми бағыты: ғылыми жұмыс бағыты ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтардың дәстүрлі этнографиясы туралы құнды мәліметтер беретін фотоматериалдардың жүйеленуімен байланысты.

«Қазақ (этнографиялық) ескерткіштері», «ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың ағартушылық қызметі» атты ғылыми жобаларда орындаушы болды.

Жарияланымдары: Отандық басылымдарда жарияланған 10-нан астам мақалалар мен шолулардың авторы.

Мақалалары:

1 Н.С. Алғожаева. Ә.К. Шашаев, В.С.Зикирбаева. Мұражайлар топтамаларындағы фотоматериалдардың деректік маңызы. 2020. № 3(19). URL: http: // edu.e-history.kz/kz/publications/view/1232.

2. Ә.К. Шашаев, В.С. Зикирбаева. Фотоматериалдардың этнографиялық дереккөз ретіндегі маңызы // Отан Тарихы. Ғылыми журнал. № 1(85). 2019. 12 б.

3 В.С. Зикирбаева Жетісудағы киелі жерлердің фотошежіресі. / Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері: жастарды патриоттық тәрбиелеудің ғылыми-теориялық және зерттеу мәтініндегі практикалық қырлары» атты жас тарихшы ғалымдардың VІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 28 қараша 2019 жыл.

4. В.С. Зикирбаева. Фотодеректердің киелі нысандар тарихын зерделеудегі мағызы (Әлмерек, Жолбарыс батырлар мен Балпық, Ескелді билер лесенелері) «Рухани жаңғыру және ұлы даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» (Би, Абыз, Әулие, батыр, шешен, қолбасшы Әлмерек Жаншықұлының туғанына 360 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция). Ш.Ш Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Алматы облысының әкімшілігі, Әлмерек баба тарихи-мәдени қоры. (Алматы қ. Шевченко-28, 15 қараша 2019 ж.). Әлмерек абыз және оның ұрпақтары: мақалалар мен эсселер. Құрастырған –Н.Әбдібеков. – Алматы: «Тоғанай Т» баспасы, 2019 ж. -396 б.

5. Шашаев Әуезхан Қадіржанұлы, Зикирбаева Венера Сериковна, Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлы, Мрзабаева Раушан Жалиевна. Қазақстандағы алғашқы қоғамдық ұйымдардың ағартушылық қызметі // Отан Тарихы. Ғылыми журнал. № 2 (94). 2021. 157 б.