Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімі


Мұқанова Гүлнар Қайроллақызы  – жетекші ғылыми қызметкер,тарих ғылымдарының кандидаты («Жалпы тарих»), профессор, Халықаралық әдебиет және өнер академиясының академигі (Украина), ҚР этнологтар қауымдастығының және ҚР археографиялық қауымдастығының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі. «Айқап» журналының (2015-2021) және «Отан тарихы» ғылыми журналының жауапты редакторы (2023 жылғы ақпаннан бастап). Халықаралық қатынастар, көші-қон, Орталық Азия этностарының тарихы мен мәдениеті, этностық және бірегейлік мәселелерімен айналысады. «Орталық Азия қарым-қатынастары: Ресей-Қазақстан-Қытай» (2000; 2002, 2-ші басылым.), «Орталық Азия және отарсыздандыру мәселелері» (2013), «Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар контекстіндегі Қазақ трансшекаралық көші-қоны (ХІХ-ХХ ғғ.): әдістеме, теория, практика» (2014; 2019, 2-ші бас.), «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі» (жаңа мұрағаттық және жазбаша дереккөздер негізінде) гранттық жобасының жетекшісі (2021-2023), «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» (2018-2020 жж.) және т. б. ПЦФ орындаушысы. Шетелдік Scopus және WOS ғылыми басылымдарында мақалалары жарияланды.