Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


АСЫЛБЕКОВ Мәлік-Айдар Хантемірұлы


АСЫЛБЕКОВ Мәлік-Айдар Хантемірұлы (15.01.1929, Оңтүстік Қазақстан обл, Қызылқұм ауд., Шардара а. – 20.05.2015, Алматы) – көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. А. соғыс және соғыстан кейінгі алғашқы жылдардың қиыншылықтарын басынан өткізген ұрпақ өкілі. 1945-46 жж. Оңт. Қазақстан обл. Қызылқұм ауд. А.С. Пушкин атынд. жетіжылдық мектептің мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. 1946-48 жж. Н.К. Крупская атынд. Шымкент мұғалімдер ин-ның студенті, 1948-1949 жж. Оңт. Қазақстан обл. Қызылқұм ауд. В.И. Ленин атынд. орта мектептің мұғалімі. 1949 ж.С.М. Киров атынд. мемл. ун-тінің тарих ф-тіне түсіп, 1954 ж. оны да үздік дипломмен тәмамдайды. Ұстаздары Е.Б. Бекмаханов, Б.С. Сүлейменов,  С.Н. Покровский, Н.К. Киікбаев, Я.Д. Серовайский, И.З. Чумак, В.Ф. Шахматов және т.б. көрнекті тарихшы-ғалымдар жас ғалымның қалыптасуына зор ықпал етті. Оқудың соңғы екі жылында ол Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында кіші ғыл. қызметкер міндетін қоса атқарды. 1954-55 жж. Қызылқұм ауд. В.И. Ленин атынд. орта мектептің директоры, 1955 ж. ОҚО Қазақстан КП Қызылқұм ауд. к-тінің мүшесі және ауд. еңбекшілер депутаттары кеңесінің депутаты болады. 1955-56 жж. осы ауд-ның оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1958 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тының кіші ғылыми қызметкері. 

1963 ж. Қазақ КСР ҒА корр. мүшесі Г.Ф. Дахшлейгердің жетекшілігімен «19 ғ. аяғы 20 ғ. басындағы Қазақстан темір жолдарында жұмысшы кадрлардың қалыптасуы» атты тақырыпта канд. дисс. қорғайды. Сол жылы Қазақ КСР ҒА-ның Қоғамдық ғылымдар бөлімінің ғыл. хатшы қызметіне шақырылады. 1965 ж. «Қазақстан теміржолшылары бірінші орыс революциясы жылдарында (1905-1907 жж.)» атты тұңғыш моногр. еңбегі жарық көрді. А. Қазақстанның индустр. дамуы және жұмысшы табы тарихы аясында көрнекті мемл. және қоғамдық-саяси қайраткер Т. Рысқұловтың өмірі мен қызметін зерттеді.

1969 ж. алғашқылардың бірі болып 1930-шы жж. саяси қуғын-сүргін тақырыбына «РКФСР ХКК жанындағы Түркістан-Сібір темір жолын салуға Жәрдемдесу комитетінің қызметі туралы» ғылыми мақаласын жариялайды. 1997-98 жж. Т. Рысқұловтың үш томдық шығарм. жин. да ред. алқа мүшесі және құрастырушылардың бірі ретінде қатысты. 

1968 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тында аға ғыл. қызметкер, ал 1980-2002 жж. аралығында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1973 ж. жарық көрген «Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы және дамуы (1917-1970 ж.ж)» моногр-да тұңғыш рет респуб. жұмысшы табы мен инж.-техн. интелл-ның кеңес дәуіріндегі жарты ғасырдан астам тарихи жолы кешенді түрде зерттелген. Өз зерттеулерімен Одақ көлеміне таныла бастаған А. 1972 ж. сәуірде Донецк қ. өткен КСРО-ның жұмысшы табы және индустриялық дамуы» атты Бүкілодақтық ғыл. конф-да «Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың кейбір ерекшеліктері» деген тақырыпта баяндама жасайды. 1974 ж. акад. А.Н. Нүсіпбековтің ғылыми жетекшілігімен «Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы және дамуы (1917-1970 жж.)» атты тақырыпта докт. дисс. қорғады. 1976 ж. А.-тің С.Б. Нұрмұхамедов және Н.Г. Панмен бірлескен авторлықта жазған «Қазақстанның жұмысшы табының индустриялық кадрларының өсуі (1946-1965 жж.)» атты моногр. ғылыми қауым жылы қабылдады. Ұжымдық авторлықта шыққан «Кеңестік Қазақстанның жұмысшы табы тарихы» (1987, І т., 1988. ІІ т.) атты кітаптардың жарық көруіне көп еңбек сіңірді. КСРО ҒА-ның КСРО тарихы ин-тымен бірлесе отырып «КСРО-ның индустриаландыруы мен индустриялық дамуы тарихының өзекті проблемалары» атты 1988 ж. Алматыда өткен Бүкілодақтық ғыл. конф.-ны ұйымдастырушы және баяндама жасады. 

А. 1983 ж. Қазақ КСР ҒА-ның корр. мүшесі болып сайланды, проф. ғыл. атағын алды. Өткен ғ-дың 80-ж-ның екінші жартысынан бастап ғалымның басты ғыл. шығарм. Қазақстан халқының әлеум.-демогр. дамуына арналған бірлескен авторлықтағы моногр. зерттеулерінде Қазақстандағы халық санының өсіп-өнуіне, оның негізгі факторлары – табиғи қозғалыс пен механикалық қозғалыстың барысы мен салдарларына, даму белестеріне талдау жасалынып, осы кезеңдегі респ. тұрғындарының демогр. ахуалына ғыл. тұрғыда баға берілген. Сондай-ақ, А. тұлғатану саласында да өзіндік қолтаңбасын қалдырған ғалым. Отан тарихының сан-саналы бағытын қамтыған күрделі де іргелі еңбектердің – бес томдық «Қазақ ССР тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін), екі томдық «Советтік Қазақстан жұмысшы табының тарихы», қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Қазақстан тарихы. Очерктер» (1993-1994), ағылшын тіліндегі «Қазақстан тарихы» (1998), сондай-ақ, бес томдық «Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін» (3-т.) (Алматы, 2000), негізгі авторларының бірі. А.-тың тәуелсіздік жылдарында жазылған ғыл. еңбектерінде Қазақстанның демогр. үрдістері, миграциялық толқындардың респ. тұрғындарының әлеум. және ұлттың құрылымына әсері, демогр. апаттың себептері мен зардаптары, қазақтардың өз жерінде аз ұлтқа айналуы, олардың экон-ның индустриялық салаларындағы азшылдығы объективті тұрғыда зерттеліп, қазақ қоғамындағы әлеум. құрылымындағы өзгерістер жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалған. Отандық тарих ғылымындағы тұлғатану мәселелеріне арналған көрнекті мемл. және қоғам қайраткері Ә. Бөкейхановтың, ғалымдар Қазақ КСР ҒА корр. мүшесі Б.С. Сүлейменовтің, ҚР ҰҒА акад-тері Т. Тәжібаевтың, С.З. Зимановтың, М.Қ. Қозыбаевтың, К. Нұрпейістің және т.б. өмірі мен қызметі, ғылыми мұралары жайлы дайындалған дисс. зерттеулерге жетекшілік жасады және моногр. еңбектер шығарды. А. 360-қа жуық ғыл. және ғыл.-көпшілік еңбектердің, оның ішінде 20 монографияның авторы. Оның ғыл. және пед. қызметі тек қана Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де кең танымал әрі жоғары бағаға ие. 1992 ж. Америка ғалымдарының шақыруымен Сан-Франциско және Беркли (АҚШ) қ-дағы ун-ттерде тарихи демогр. және әлеум. тарихтың өзекті мәселелері арналған дәрістер оқыса, 1995 ж. Москвада өткен әлеуметтанушылар мен демографтардың, 1997 ж. Берлинде – «Орталық Азиядағы миграция: оның даму мен тұрақтылыққа әсері», 2008 ж. Москвада – «КСРО-да болған жаппай ашаршылықтың тарихи және саяси мәселелері (30 жылдар)» атты халықар. ғыл.-тәжірб. конф.-лар мен т.б. көптеген ғыл. жиындарға қатысты. Акад. А.-тың төрағалығымен 2008 ж. Ресей ҒА-ның «Күнделікті өмірдегі адам: өткені мен болашағы» Ғыл. кеңесінің аймақтық секциясы құрылды.

1998 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілді. 2003 ж. ҚР ҰғАакадемиясы-ның толық мүшесі (академигі) болып сайланды. Акад. А.-тың жетекшілігімен 2009 ж. 1937 және 1939 жж. халық санақтарының Қазақстанға қатысты материалдары бойынша Ресей архивтерінен жинақталған құжаттардың 5 томдық «1937 және 1939 жж. Бүкілодақтық халық санақтарындағы Қазақстан халқы» атты кітапты орыс тілінде баспаға дайындалып, оның бірінші томы жарыққа шықты.

Акад. өзінің ғылыми мектебін қалыптастырып кетті. А.-тің ғыл. жетекшілігімен 12 ғылым докт., 47 ғыл. канд. дисс. қорғалды. Ұзақ жылдар бойы Абай атынд. Қазақ Ұлттық пед. ун-тің тарих ф-тінің профес. ретінде болашақ тарихшыларды дайындауда да жемісті еңбек етті. Сондай-ақ Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнол. ин-ты мен Абай атынд. Қазақ Ұлттық пед. ун-тің дисс. кеңестерінің, ҚР ҰҒА «Қазақстан тарихы» проблемалық ғыл. кеңесінің, «Қазақ тарихы», «Отан тарихы» және т.б. журн-дың ред. алқасының мүшесі болды.

Шығ: Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане. – А-Ата, 1976. (С.Б. Нурмухамедов, Н.Г. Пан); Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905-1907 гг.). – А-Ата, 1965; Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана. – А-Ата, 1973; Академик Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық-саяси және ұстаздық қызметі мен тарихи мұрасы. (Апашева С.Н.); Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.) (А.Б. Галиев); Бекежан Сүлейменов – тарихшы ғалым. – Алматы, 2001. (Есқалиев С.А.); Алихан Букейхан – общественно-политический деятель и ученый. – Алматы,  2003 (Сеитов Э.Т.); Қазақстан халқының әлеуметтік-демогафиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы, 2005 (А.И. Құдайбергенова); Население Казахстана по Всесоюзной переписи населения 1939 года. Т.1. – Алматы, 2009; Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық.  – Алматы, 2010. Академик М.Қ. Қозыбаев: ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері. – Алматы, 2014 (З. Төленова); Тұлғалар мен тарих туралы. – Алматы, 2014; Асылбек әулеті жөнінде. – Алматы,2014;

Әдеб.: Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005; Малик-Айдар Хантемирулы Асылбеков // Біздің элита. Наша элита. – Алматы: Қазақ университеті. – 2009; Төленова З.М. Академик М.Х. Асылбеков және отандық тарих ғылымындағы тұлғатану мәселелері // Актуальные проблемы исторической науки Казахстана: Материалы Межд. научно-практ. конференции (29-30 мая 2009 г.). – Алматы, 2009; Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков: Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы. – Алматы, 2009.