Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ГАЛИЕВ Виль Зайнуллович


ГАЛИЕВ Виль Зайнуллович (25.02.1938, Алматы – 16.06.2017, Алматы) – ғалым-тарихшы, тарих ғылымдарының докторы. 1960 ж. С.М. Киров атынд. Қазақ мемл. ун-тінің (қазіргі әл-Фараби атынд. ҚазҰУ) тарих ф-тін бітірген. Студент кезінде В.В. Востровтың жетекшілігімен Маңғышлақ (1957) және Қызылорда (1958) этногр. экспед-на қатысады.

1960-61 ж. Түркістан педуч-щесінде жұмыс істейді, ал 1961-64 ж. С.М. Киров атынд. ҚазМУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасында аспирантурада оқыды. 1965 ж. Е.Б. Бекмахановтың жетекшілігімен «19-20 ғасыр басындағы саяси көзқарастары үшін жер аударылғандардың Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне әсері» тақырыбында канд. дисс. қорғайды. 1964-65 ж. Шымкент, 1965-68 ж. Қарағанды пед. ин-тарында, 1968-90 ж. – Қазақ қыздар пед. ин-тында оқытушы, КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1968 ж. доцент ғыл. атағын алады. 1983 ж. Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тында «19 ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне ресейлік азаттық қозғалысының әсері» тақырыбында докт. дисс. қорғады. 1990 ж. профессор ғыл. атағын алады. 1990-95 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнол. ин-ты Жаңа заман тарихы бөлімінің меңгерушісі, 1995 ж. өмірінің соңына дейін ин-тың бас ғыл. қызметкері лауазымында болды. Г. 17-19 ғ. қазақ-орыс қатынастары, мәдени байланыстары, отарлық саясат, ұлт-азаттық күрес, төңкеріске дейінгі кезең бойынша кітапхана ісі және әдебиеттерді библиографиялау мәселелерін зерттеуші бірден бір кәсіби маман ретінде танылған ғалым. Жаңа заман тарихының мәселелері бойынша түрлі бүкілодақтық және халықар. конф-ларға қатысушы. Институт жанындағы Дисс. кеңестің және ҚР Білім және ғылым мин. Жоғары аттестациялық комитетінде тарих ғыл. бойынша Сараптамалық кеңестің құрамында жұмыс істеді. 15 ж. жуық ҚР Ұлттық кітапханасында қосымша қызмет істеген. ҰҒА Орт. ғыл. кітапханасының қызметкерлерінің кітапханатану және библиогр. мәселелері бойынша ғыл. жұмыстарына жетекшілік жасай жүріп, «Қазақстан тарихы. Революцияға дейінгі кезең. Аннотацияланған библиогр. көрсеткіш» жоспарлы тақырыбының орындалуына да жетекшілік жасады. 2000 ж. басында кітапхананың ғыл.-зерттеу бөлімін басқарды. «Библиотековедение, библиография, книговедения» жинағын редакциялайды. Москва, СПб. қ-рының архивтері мен кітапханаларында сирек кітаптар мен қолжазбаларды анықтау және көшірумен айналысты. Г-тің қазақ тарихына қосқан үлкен еңбегінің бірі – 2011 ж. орыс тілінде басылып шыққан «Халықты оятқан кітап» («Книга, разбудившая народ») атты кітабы. Кітаптың басты мазмұны М. Дулатовтың есімін күллі қазақ даласына танытқан, 1909 ж. Қазан қ. «Шарқ» баспасынан басылып шыққан «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағына арналған.

Е. Бекмахановтың аспиранты В. Галиев

Кітапта Г. қайраткердің тұлғалығын танытудан бұрын, Торғай өңірін аралап, ақынның туып-өскен, табаны тиген жерлерді өз көзімен көріп, сол өңірдің тау-қырлары, өзен-көлдерінің атауларына баса мән беріп, «Мадияр» этнонимінің қазақтар арасында қай кезден бастап қолданылып келгендігі жөнінде зерттеу жүргізіп, өзіндік тұжырымдар жасайды. Кітаптың «Туған өлке» деп аталған тарауында архив құжаттары, сол кездердегі жазбаларға сүйене отырып, тұтастай 19 ғ. екінші жартысы мен 20 ғ. басындағы Торғай өлкесінің саяси, әлеум.-экон. жағдайын қарастырып, ақынның балалық шағымен тікелей байланыстырады. Ғыл. ғыл.-пед. қызметін қатар алып жүрген Г. 4 тарих ғыл. канд-тын дайындаған.

Шығ.: Влияние освободительного движения в России на общественно-политическую жизнь Казахстана в первой половине XIX века. Аннотированный указатель литературы. – А-Ата, 1970 (ротопринт); Ссыльные революционеры в Казахстане. – А-Ата, 1978; Медицинская деятельность ссыльных революционеров в Казахстане (вторая половина XIX в.). – А-Ата, 1982; Декабристы и Казахстан. – А-Ата, 1990; Народно-освободительное движение казахов в 1936-1938 годах. Документы и материалы. – Алматы, 1996; Хан Джангир и Орбулакская битва. – Алматы, 1998; Тюркская библиотека в Верном. – Алматы, 2001; Библиотеки дореволюционного Семиречья. – Алматы, 2003; Библиотеки и культурная жизнь Казахстана (в ХІХ – начале ХХ веков). – Алматы, 2005; Қазақстан ХІХ ғ. суретшілерінің шығармада – Казахстан в творчествах художников ХІХ века. – Алматы, 2005; История Казахстана. Дореволюционный перод. Аннотированный библиогр. указатель казахских, русских книг и рукописей, хранящихся в фондах ЦНБ. – Алматы: Комплекс, 2007. Т. І.; Т. ІІ.; Библиотеки и система образования Северного Прикаспия. – Алматы: НБ РК, 2008; Галиев В.З. Книга разбудившая народ. Разыскания о Мыржакыпе Дулатове и его сборнике «Проснись, казах!». – Алматы: Мектеп, 2011.

Әдеб.: Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005; Матер. науч.-практ. чтений посвященный 70-летию В.З. Галиева // Библиотековедения, библиография, книговедения. Сб. статей. Вып. 20. – Алматы, 2008.

З. Төленова, А. Қали