Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


НҰРПЕЙІС Кеңес Нұрпейісұлы


(15.03.1935, Алматы обл. Кеген ауд. Саты а. – 10.12.2007, Алматы) – көрнекті ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.

Н. сәби шағынан кеңестік жүйенің ауыртпалықтарын басынан өткізді. 1935 ж. 15 наурызда әкесі «Халық жауы» айыптауымен ұсталған кезде ол небәрі екі жастан асқан еді. Көп ұзамай анасынан айырылған ол 1942-45 жж. Қарабұлақ а-дағы балалар үйінде тәрбиеленеді, кейін нағашысы Нұрбектің қолында өсті. 1946-52 жж. Алматы қ-ғы № 18 Жамбыл атынд. ер балалар орта мектебінде оқиды. Сол жылы С.М. Киров атынд. Қазақ мемл. ун-нің (қaзipгi әл-Фараби атынд. ҚазҰУ) филос. ф-не оқуға түседі, кейін тарих ф-не ауысады. 1957 ж. ун-ті үздік бітірген жас маман оқытушылық қызметке қалдырылады. 1958 ж. ақпанда Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тына ғыл. қызметке шақырылады. Содан бepi Қазақстанның тарих ғылымына арналған оның бүкіл еңбек жолы мен қызметі өмірінің соңғы сәтіне дейін ин-тпен тығыз байланыста өтіп, кіші ғылыми қызметкерліктен бастап бөлім меңгерушісі, тарих ғыл. докт., проф., ҰҒА-ның академигіне дейін көтерілді. Оның ғылыми бағыты 1917 ж. рев-лық оқиғалар, ХХ ғ. 20-шы ж-дағы Қазақстандағы мемл. құрылыс, әлеум.-экон. даму тарихы мәселелерін зерттеуге арналды. 1963 ж. «Солтүстік Қазақстан кеңестері жұмысшылар мен шаруалар билігінің қалыптасуы мен нығаюы үшін күресте» тақырыбында канд. дисс. қорғайды. Ғалым қазақ халқының 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісін, қазақ даласындағы Кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысы тарихын зерттеуді тереңдете жүргізген Н. 60-жылдары респ. обл-да сол кезеңнің оқиғаларына, тарихына арналған материалдар мен естеліктер жинастырған 6ipқaтap экспедициялардың жұмысына қатысады. Соның нәтижесінде орыс тілінде «Қазақстандағы Октябрь революциясы мен азамат соғысының тарихынан» (1962), «Қазақстандағы Кеңестер билігі үшін күрес» (1963) естеліктер жинақтары, «Орта Азия мен Қазақстандағы шетел интервенциясы және азамат соғысы» (1963. Т. 1; 1964. Т. 2) атты құжаттар мен матер. жинақтары, т.б. іргелі басылымдарды шығаруға қатынасады. 1965 ж. Н. аға ғыл. қызметкерлікке өтеді. 1968 ж. «Қазақстан Кенестері жұмысшылар мен шаруалар билігін нығайту үшін күресте (1917 ж. қараша – 1918 ж. маусым)» атгы моногр. жариялады. Ал 1972 ж. шығарған «Қазақстанның шаруалар кеңестері (1917-29)» деген іргелі моногр-ның негізінде «Қазақстанның шаруалар кeңecтepi (ауылдық кеңестердің 1917-1929 ж.ж. құрылуы, нығаюы және практикалық қызметінің тарихы)» тақырыбында докт. дисс. қорғайды. Одан кейін ҚазАКСР-ның тарихы, Орта Азия респ-лары мен Қазақстанның ұлттық-аумақтық межеленуі, респ-ғы аграрлық реформалар, қоғамдық-саяси өмір мәселелерімен айналысқан Н-тің бірқатар моногр. еңбектері жарыққа шықты. Н. 1978-81 жж. басылымға дайындалған көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақ КСР тарихының» негізгі авторларының бipi ретінде 1982 ж. Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тының бip топ көрнекті ғалымдарымен бipre ҚазКСР Мемл. сыйлығының лауреаты атағына ие болды. 1989 ж. ҰҒА корр.-мүше болып сайланды. 1980 ж. соңы – 1990 ж. бас кезінде қоғамдық-саяси өмірдегі түбегейлі өзгepicтepre байланысты отандық тарих ғылымында да бетбұрыс басталды. Қазақстандық қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар алдында ұлт тарихын жаңа тұрғыдан зерделеу міндеті тұрды. Бірінші кезекте ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жою, тарихи сананы жаңғырту бағдарламасы жасалды. Қазақ тарихының өзекті мәселелерін зерттеу: КСРО-ның ыдырауы, Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы, ұлттық сана-сезімнің өcyi, тарих ғылымының қоғамдағы орнын өзгерту, өткенімізді, оның ішінде Кеңес дәуірінің тарихын жаңа тұжырымдық негіздегі әдіснамалық әдістермен қарастыру қолға алынды. Нәтижесінде кеңестік жүйе мен идеология тыйым салған ХХ ғ. бас кезіндегі ұлт-азаттыққозғалысы, Алаш және «Алашорда», Қазақ Автономиясының тарихын зерделеудің бастауында тұрған Н. алғашқылардың бipi болып оны объективттік тұрғыдан зерттеуді қолға алады және 1995 ж. «Алаш һәм Алашорда» атты моногр. жариялады. Сондай-ақ қазақ зиялыларының аса көрнекті өкілдері, Алаш қозғалысы көшбасшылары мен танымал қайраткерлерінің өмірі, қызметі мен шығарм. мұрасын зерттеп, X. Досмұхамедов, М. Тынышбаев,Ә. Ермековтің шығарм. мен олар туралы құжаттық материалдарды жариялайды. Н. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы мен «Алашорда» кеңесінің тарихын зерттейтін ғылыми мектептің негізін қалаушылардың бipi. Н. мемл. қайраткері Т. Рысқұловтың өмірі мен қызметін зертгеуге, шығарм. жариялауға да зор үлес қосты. Сондай-ақ Е. Бекмахановтың өмірі мен қызметі, шығарм. мұрасы туралы зерттеп қана қоймай, оның «Қазақстан ХХ ғ. 20-40 жылдарында» атты монографиясын талқылаған мәжліс стенограммасын жеке кітап етіп жариялайды. Н. бес томдық көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі «Қазақстан тарихының» авторларының бipi және Бас ред. алқасының мүшесі ретінде жазылуы мен шығуына көп үлес қосты. ЖОО мен мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазды, ғыл.-ред. ретінде бірнеше ғылыми, қоғамдық-саяси журналдардың ред. алқа мүшесі және 2004 ж. бастап «Туған өлке» журналының бас ред. болды. Н-тің ғыл. ред-лығымен Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған 16 моногр. мен бірнеше жинақтар жарық көрді. Ғалым қоғам қайраткері ретінде жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауда үлкен белсенділік танытты. 1993 ж. Респ. «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының құрылтайшысы және мүшесі болған Н. осы салада да ғыл. мақалалар жазып, баяндамалар жасады. Акад. Н. жоғары білікті ғыл. мамандар даярлауға аса зор үлес қосты. Өз ғылыми мектебін қалыптастырған Н-тің жетекшілігімен көптеген ғылым канд., докт. дайындалды, ұзақ жылдар Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тының тарих ф-тінде дәріс оқыды. Бipнешe жыл Ш. Уәлиханов атынд. ТЭИ-ның Біріккен дисс. кеңесінің төрағасы, мүшесі және Қазақстан тарихы бойынша ғыл.-мәселелік кеңестің мүшесі, 1992-96 жж. Жоғ. аттестациялық к-тің тарих ғыл. бойынша сараптау кеңесінің төрағасы болды. Н-тің ұлт тарихының өзекті мәселеріне арналған 500-ден астам ғыл. және ғыл.-көпшілік шығарм., оның ішінде 20-дан астам моногр. мен кітаптары ұлттық рухани құндылықтарымыздың мазмұнын байыта түсетін ғылыми мұра болып табылады. Акад. Н-тің Қазақстан тарих ғылымына сіңірген еңбегі мемл. тарапынан жоғары бағаланды. 1989 ж. ҰҒА-ның корр. мүшесі, 2004 ж. толық мүшeci (акад.), 1997 ж. Әлеум. акад. толық мүшесі (акад.) болып сайланды. 1995 ж. ол «ҚР білім беру iciнің үздігі» төс белгісімен марапатталды. 1998 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағын, 2001 ж. «Жылдың ғылым қайраткері – Алтын адам» атағын алды. 2005 ж. «Парасат» орденімен марапатталды. Ғалым, ұстаз, қайраткердің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақ МҚПУ-де аудитория ашылып, жыл сайын «Нұрпейісов оқулары» өткізіліп келеді. Алматы қ. көшеге, Кеген ауд. мектепке есімі беріліп, өзі тұрған үйге ескерткіштақта орнатылған. ТЭИ-да Нұрпейісов кабинеті ашылды.

Шығ.: Нұрпейісов К. Алаш hәм Алашорда. – Алматы, 1995. Дисскуссия по книге Е.Б. Бекмаханова «Казахстан в 20-40 годы XIX века». Стенограмма. 14-19 июля 1948 г. Алматы, 2000. Нұрпейіс К. Тарихи тұлғалар. – Алматы, 2007 және т.б.

Әдеб.: Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс: Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясына материалдар. – Алматы, 2005. – 91 б.; Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005.

З. Төленова, А. Қали