Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


СУЖИКОВ Бақыт Мұхамбеткалиевич


СУЖИКОВ Бақыт Мұхамбеткалиевич – (05.12.1951, Ақтөбе қ. – 19.05.2018, Алматы) – тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамедғали Әленұлы Сужиковтің отбасында дүниеге келген. Ол 1976 ж. C.М. Киров Қазақ мемл. ун-тінің (қазіргі әл-Фараби атынд. ҚазҰУ) тарих ф-тін бітіріп, тарихшы дипломын алып, ағылшын тілінде оқыту құқығына ие болды. 1977 ж. маусым – 1985 ж. сәуір ҚазКСР ҒА Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат бөлімінің (ОНИОН) кіші ғылыми қызметкері, 1976 ж. шілде – 1977 ж. маусым ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. институтының Ұлы Отан соғысы тарихы бөлімінің аға лаборанты болды. 1985 ж. сәуір айынан 1989 ж. наурыз айына дейін ҚазКСР ҒА Төралқасы жанындағы Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 1987 ж. ХХ ғ. екінші жартысындағы Орталық Азияның Еуро-американдық этнологиялық зерттеулерінде ұлтшылдық және орыстандыру мәселелері бойынша канд. дис. сәтті қорғады. 1989-2016 жж. Ш.Ш. Уәлиханов атын. Тарих және этнология ин-ның Тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі. 2001 ж. доцент ғылыми атағын алды. Ағылшын тілінде еркін жазып, аударма ісін жетік меңгерген. 2004 ж. бастап «Мәдени мұра» мемл. бағдарламасының «ХІІ-ХХ ғғ. Батыс дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы» секциясының жетекшісі болды. Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері жоғары бағаланады. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығарған жинақтарына енген мақалалары шет тілінен орыс тіліне аударылған, қазақстандық тарихнамалық базаны қалыптастыру, саясаттану отандық мектепті дамыту тұрғысынан классикалық болып табылады. 2004 ж. бастап Сорос Қорының «Шығыс-Шығыс» бағдарламасы секциясының жетекшісі және сараптамалық кеңесінің мүшесі болды. Кеңінен таралған көптеген акад. басылымдардың, оның ішінде бес томдық «Қазақстан тарихы» іргелі еңбегінің, оқулықтарға айналған ұжымдық зерттеулердің авторы: «Қазақстан тарихы. Очерктер», «Қазақстан тарихы» ағылшын тілінде, «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында дайындалған «Қазіргі Қазақстан тарихы» канондық оқулығы және т.б. Тарихшының негізгі зерттеу бағыты шетелдік тарихнамадағы Қазақстан тарихы болды. Оның қазақтардың этникалық сәйкестілік мәселелерін зерттеуі отандық және шетелдік мамандар арасында жоғары бағаланды. Осы тақырып аясында шыққан монографиялары: «Женщины Советского Востока в зарубежной историографии», «Казахская диаспора: проблемы этнического выживания», «Национальная идентификация и динамика этнических процессов в зарубежных центрально-азиатских исследованиях», «Евразийство: в поисках Джемшитовой чаши» және т.б. – ұзақ жылдардағы ізденістерінің нәтижесі. Өңірдің тарихы мен қазіргі заман проблемаларын зерттеуде бірқатар халықаралық жобалардың, сондай-ақ бүкілодақтық, республикалық және халықаралық конференциялардың қатысушысы ретінде де көптеген өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Өз ғылыми мектебін қалыптастырған Б. Сужиковтің ғылыми жетекшілігімен бір ғылым кандидаты дайындалды. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шығ.:Женщины Советского Востока в зарубежной историографии. – А.-Ата: Ғылым, 1990; История Казахстана: белые пятна. – Алма-Ата: Казахстан, 1991; Казахстан в начале XX-го века: методология, историография, источниковедение. -Алматы: Наурыз, 1993; Проблемы социальной политики и социального развития в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы, 1993; Этническая тождественность в зарубежной казахстанике и среднеазиеведении // Казахстан в начале ХХ-го века: методология, историография, источниковедение. Сб. статей. Вып. 2. – Алматы, 1994. – С. 90-101.; Казахская диаспора: проблемы этнического выживания. Монография. – Алматы: Атамұра, 1997; Национальная идентификация и динамика этических процессов в зарубежных центральноазиатских исследованиях. Монография. – Алматы: Комплекс, 1997; History of Kazakhstan. – Алматы: Гылым, 1998; Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен и до наших дней. – Алма-Ата: Минобразования РК, 1992; Словно реликты “холодной войны” // Казахстанская правда, 1989, 14сентября; Срывая шторы догматизма // Учитель Казахстана, 1989, 14 сентября; И опыт и сын ошибок трудных // Казахстанская правда, 1991, 12 октября; Теоретические подходы западной казахстаники к проблемам национализма // Известия НАН РК (серия: общ. науки) – Алматы: Ғылым, 1995. № 2; Abay be Hayati. // Abay (1845-1904) – Ankara: Yazilarin Tercimesini Yapan A. Akhmetov, 1995;Этничность: меч или орало? // Отан тарихы, 1999. № 3; Перевод и комментарии к книге: Akiner Sh. The Formation of Kazakh Identity From Tribe to Nation-State – London Chamelion Press Ltd., 1995. // Отан тарихы, 1999. № 4; Перевод главы и комментарии к книге: Halperin Ch.J. Russia and the Golden Horde. The Mongol Impact on Madiaeval Russian History – London: I.B.Tauris § СӘ Ltd., 1997. // Отан тарихы – 2000. – № 1-2; Евразийство: в поисках Джемшидовой чаши // Евразия – Москва, 2001. – № 1-2; Евразийская интеграция. // Российская Федерация (международная газета). – М., 2001, № 9 (175); Мобилизационная функция исторического знания: памяти академика Манаша Козыбаева // Отан тарихы. Специальный выпуск. -2002; Сталинский конституциализм и национальные отношения // Отан тарихы, 2002. № 2; Электронный учебник. История Казахстана. 10 класс. 1916-1945 гг. на каз. и русск. яз. – Астана, 2003; О некоторых категориальных понятиях, используемых в современном историческом знании // Отан тарихы, 2003. № 1; Казахи Китая: очерки по этническому меньшинству. Казахские беженцы в Турции (пер. с англ.яз.) // История Казахстана в западных источниках XII-XX в. Т. 3. – Алматы, 2005; История Казахстана в западных источниках XII-XX в. Т. 10. – Алматы, 2006 және т.б..

Әдеб.: Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005;

З. Төленова, А. Қали