Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ЮДИН Вениамин Петрович


ЮДИН Вениамин Петрович – (01.02.1928, Волгоград қ., Ресей – 12.05.1983, Алматы қ.) – шығыстанушы-ғалым, тарихшы, филолог, педагог. 1945 ж. Волгоград облысы Зимник ауылында онжылдықты бітіріп, Мәскеу Шығыстану институтының Қиыр Шығыс факультеті, Шыңжаң бөліміне оқуға түседі. 1950 ж. оған ұйғыр және ағылшын тілдерін меңгерген Шыңжаң бойынша елтанушы біліктілігі берілді. 

1950-54 ж. «Ұйғыр филологиясы» мамандығы бойынша аспирантурада оқи жүріп, Шыңжаң бөлімінде ұйғыр тілінен сабақ береді. 1955 ж. ҚазКСР Ағарту министрлігінің шақыруы бойынша ҚазПИ-да ұйғыр бөлімінің ашылуына байланысты Алматыға көшіп келіп, сонда ұйғыр тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып орналасады. 1960 ж. шілде – 1970 ж. қазан аралығында ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері, 1970-76 жж. ҚазМУ Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушысы, жұмыс істеді. 1976-83 ж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтында ұйғыр бөлімінің (тарих тобы) ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Осы жылдардағы оның басты ғылыми қызығушылығы: шығыс деректеріндегі Қазақстан тарихын, шығыс қолжазбаларын зерттеу және куәліктердің негізінде парсы және түркі тілдеріндегі дереккөздерді – орта ғасыр дәуіріндегі қазақ және ұйғыр халықтарының саяси, этникалық және діни тарихын, олардың мәдени мұрасын зерттеумен тығыз байланысты болды.

Талантты да дарынды В.П.Юдин ұйғыр және өзге де түркі тілдері, яғни шағатай және көне ұйғыр тілдерімен қатар парсы және араб тілдеріне де қызығушылық танытқан. Сондай-ақ неміс, ағылшын, француз, испан тілдерін де меңгерген ғалым. Ортағасырлық қолжазбаларды түпнұсқадан жеңіл оқып, еркін аудара білген Юдиннің ғылыми жұмыстары орыс, ұйғыр, қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрген. Қазақстандық тарихнамадағы тұңғыш іргелі деректемелік еңбек болып табылатын «Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв.» (1969) жинағының маңызы өте зор. Өзінің әріптестері С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулинамен бірлескен шығармашылық топ өте үлкен зерттеу жұмысын жүргізді: барлық аудармаларды түпнұсқамен салыстыру және жалпы редакциялаудан өткізу; 10 дереккөзден алынған үзінділерді аудару; оларға комментарийлер жазу; жинаққа кірген барлық дереккөздер бойынша 17 мақала жазылды.

В.П.Юдин деректемелік сипаттағы мәселелердің қыр-сырын ашуға, деректерді баяндауды ғылыми айналымға енгізген В.П.Юдин Қазақстанның таарих ғылымындағы көптеген күрделі методологиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастырды. Оған дәлел оның ғылыми айналымға тұтас діни-дүниетанымдық жүйе ретінде шыңғысизим (чингисизм) түсінігін енгізуі, оның мәні мен табиғаты, ордалардың сипаты мен рөлі, қазақ жүздерінің тарихы, қазақ халқының этногенезі мен «қазақ» термині, қазақ халқының құрамындағы моңғол элементінің рөлі, қазақ хандарының шежіресі туралы жұмыстары, ғылымға Қазақстан тарихы бойынша шығыс жазба деректерінің ерекше квалификациялық тобы ретінде «далалық ауызша тарих» («степная устная историология») терминін енгізуін айтуымызға болады. Ол XV-XVIII ғғ. қазақ тарихы жөніндегі парсы-түркі тілдеріндегі нарративті деректерді жинақтамалық жіктеуді ұсынды, шығыстүркістандық Моғулия мемлекетін, Жошының бесінші ұлы Шайбанның «Боз ордасын», оның ұрпақтарын, т.б. «ашты». Оның ұзақ жылғы зерттеулерінің нәтижесінде XIV-XV ғғ. ауызша материалдар жүйелендірілді және жазбаға түсірілді. Оның қаламынан шыққан 80-нен астам ғылыми еңбектермен қатар С.Г. Кляшторныйдың «Каталог рукописей уйгурской классической литературы», «Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии», Б.А. Ахмедовтың «Государство кочевых узбеков» кітаптарына (соңғы аудармасы «Central Asian Review» журналында жарияланған, Лондон) сын-пікілерінің құндылығы жоғары. В.П.Юдин ұйғыр-орыс сөздігінің арнайы редакторы, ұйғыр әдебиетінен хрестоматияның авторы мен құрастырушыларының бірі болды. Ю-нің еңбектері Орт. Азия халықтарының тарихына қатысты көптеген мәселелерді зерттеуде маңызды рөл атқарады. Юдиннің соңғы ғылыми жобасы – XIV ғ. бірінші жартысындағы хиуалық тарихшы Өтеміс қажының «Шыңғыс-намесі» – оның есімін әлемге әйгілі етті. Дешті қыпшақ көшпенділерінің тарихы ауызша аңыз-әңгіме, риуаяттар негізінде жазылған бұл еңбек түркітілдес шығарма болғандықтан Юдиннің зерттеуімен қазақстандық шығыстануда 1983 ж. үлкен табыспен ғылыми айналымға енгізілді. Тек 1994 ж. академиктер М. Қозыбаев пен Р. Сүлейменовтың қолдауымен еңбекті оның жұбайы баспадан шығарады.

Шығармалары:

Русско-уйгурский словарь: Географические названия. Русско-уйгурский словарь. – М., 1956;

Исторические корни уйгурской сказки о Чин Темюр-батуре и Махтум-суле. Вопросы уйгурской филологии // Труды ИЯиЛ АН КазССР. Т.2. – А-Ата, 1961;

Уйгурско-русский словарь. –А-Ата, 1961 (cпецред.);

Некоторые источники по истории восстания в Синьцзяне в 1864 году. Вопросы истории Казахстана и Восточного Туркестана // Труды ИИАиЭ им. Ч. Валиханова АН КазССР. Т. 15. – А.-Ата, 1962;

Эхо веков: Образцы староуйгурской литературы ХІ-ХІХ вв. – А-Ата, 1963. (Сост. совм. с М. Хамраевым, С. Моллаудовым, И. Мухлисовым; Отв. ред. Совм. с М. Хамраевым);

О родоплеменном составе могулов Могулистана и Могулии и их этнических связах с казахским и другими соседними народами // Известия АН КазССР. Серия общественная, 1965. Вып. 3;

Известия Зийа ал-кулуб Мухаммед Аваза о казахах XVI века // Вестник АН КазССР, 1966, № 5 (253);

Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков (извлечения из персидских и тюркских сочинений) (Сост.: С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, В.П. Юдин). – А.-Ата, 1969. – 652 с. (МИКХ);

Утемиш-хаджи. Чингиз-наме. Факсимиле, перевод, транскрипция, текстологические примечания, исследование В.П. Юдина; Подготовила к изд. Ю.Г. Баранова; Комментарии и указатели М.Х. Абусеитовой. – Алматы, 1992;

В.П. Юдин и др. Центральная Азия в ХІV-ХVІІІ веках глазами востоковеда. – Алматы, 2001.

Әдебиет:

Баранова Ю.Г. Научные чтения памяти востоковеда В.П. // Известия НАН РК. Серия общественных наук, 1993;

Абусеитова М.К. Степная историология Юдина // Казахстанская правда. – 2012. – 23 ноября;

Мустафина Р.М. Вклад В.П. Юдина в казахстанское религиоведение. Материалы 1,2 научных чтений памяти В.П. Юдина 1993-1994 гг. – Алматы. 1999;

Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005.

З. Төленова, А. Қали