Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі


Аты-жөні: Оралова Ақнұр Амангелдіқызы

Қызметі: ғылыми қызметкер

Ғылыми дәрежесі, атағы: магистр

Байланыс мәліметтері:

e-mail: aknur.oralova@mail.ru

Өмірбаяны:

Оралова Ақнұр Амангелдіқызы Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген.

Білімі: жоғары

2006-2010 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университететі. Мамандығы: «тарих» (үздік диплом).

2010-2012 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология факультетінде магистратура бөлімін «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша үздік аяқтады.

Ғылыми дәрежесі: 2010 ж.т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражанның ғылыми жетекшілігімен «Әскери соғыс коммунизм саясаты және оның өлкедегі ерекшелігі» тақырыбында диплом жұмысын жемісті аяқтады.

2012 ж. «Құжаттанулық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері» тақырыбында т.ғ.д., профессор Т.Ә. Төлебаевтың ғылыми жетекшілігімен магистерлік диссертациясын қорғады.

Магистратура бағдарламасы бойынша Мимар Синан атындағы университетте (Туркия мемлекеті, Стамбул қаласы) ғылыми тағылымдамадан өтті.

Кәсіби тәжірибесі:

Ғылыми еңбек жолын 2012 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми қызметкер ретінде бастады.

2012-2017 жж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми қызметкер

2017-2020 жж. қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы (Шымкент қ.) Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бөлім меңгерушісі

2021 ж. қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы (Шымкент қ.) ғалым хатшы

2021 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми қызметкер

Ғылыми бағыты: Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты: Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы, деректану, құжаттану ғылымының теориясы мен методологиясы, тұлғатану мәселелері.

Жарияланымдар: 70-ке жуық ғылыми және танымдық мақалалардың авторы, ғылыми жинақтар мен библиографиялық көрсеткіштердің құрастырушысы, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардың қатысушысы.

Мақалалар және баяндамалар:

  1. Қазақстандағы мұрағат жүйесі // Қазақ тарихы. №2 (113), наурыз-көкек, 2012 ж. 22-23 бб.
  2. Альбом кітаптардың тарихи-деректік ерекшеліктері (ХХ ғ. 20-30 жж.) // Отан тарихы. – №1(61). – 2013. –104-112 бб.
  3. Ауызша тарих: маңызы мен сабағы // «Қазақстан – 2050» бағдарламасы жас тарихшы ғалымдардың міндеттері» атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы. – 2014 ж.
  4. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон үдерісі (теориялық-методологиялық мәселелері) // Қазақстандық тарих ғылымының өзекті мәселелері мен даму болашағы» атты М.-Х. Асылбековтың 85-жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.– 447-457 бб.
  5. Қазақ ономастикасы – ұлттық дүниетаным мен тарихи сана көкжиегі // «Ономастикалық жаңару – рухани жаңғыру кепілі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қостанай. – 28 тамыз, 2018 ж. – 85-89-бб.
  6. Құжаттану ғылымының теориясы мен методологиясы // Отан тарихы. – 2014. – 80- 86 бб.
  7. Тәуелсіздіктің негізгі арқауы // «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журнал. №8. –2021 ж. 13-17-бб.
  8. Некоторые аспекты из общественно-политической жизни С. Садуакасова // Отан тарихы. №4 (96).2021.107-117 бб.