Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі


Аты-жөні: ОРАЗОВ РАШИД ЕШЕНҰЛЫ

Қызметі: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жаңа заман тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Ғылыми атағы: магистр

Байланыс мәліметтері: r.o.e@mail.ru

Өмірбаяны:

1972 жылы 17 сәуірде Алматы облысы Райымбек ауданы Қаратоған ауылында дүниеге келген. 1979-1989 жылдар аралығында Н. Өмірзақов атындағы орта мектепте білім алды.

Білімі: жоғары

1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің тарихшы мамандығы бойынша бакалавриатын тамамдаған.

2000-2002 жылдары магистратурасын үздік бітірген.

2016-2019 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің PhD докторантурасында оқыды. 2019 жылы Ыстамбул қаласындағы М. Синам университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, білімін жетілдірген.

Кәсіби қабілеті: 2002 жылдан күні бүгінге дейін Қазақстан ҰҒА Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының Жаңа дəуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінде аға ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс атқарып келеді. Ғылыми еңбек өтілі 20 жыл.

Ғылыми бағыты: Негізгі зерттеу нысандары – ХІХ ғасырдағы Қазақстанды Ресей империясының отарлау кезеңі тарихы мен Сыздық Кенесарыұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс мəселелері. Қазақстанның жаңа заман дәуіріне қатысты материалдарды жинау мақсатында Ресейдің Москва, Санкт-Петербург, Уфа, Орынбор, Омбы, Тобольск қалаларында және Өбекстанның Ташкент қаласында, Қырғызстанның Бішкек қалаларындағы архивтерде жүйелі жұмыс жасап, тың деректерді ғылыми айналымға енгізуде.

Ғылыми еңбектері: Осы кезеңге қатысты 2 монография мен 20 құжаттар мен материалдар жинағының авторы. 200-ден астам ғылыми мақалалары ғылыми журналдар мен баспасөзде жарияланған.