Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы


(Туылғ. 10 қазан 1942 ж.)

Тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы тарихының бас маманы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ардагері.

1942 жылы 10 қазанда Қарағанды ​​облысы Қарқаралы ауданы Сталин атындағы колхозда (ол кезде «Восток» кеңшары; бұрынғы Қаратал ауылы, қазіргі Тоқтар ауылында) туған. 1950-1957 жж – Сталин атындағы колхоздың орта мектебінде оқыды, 8-10-сыныптарда оқуын Қарағандыдағы №7 орта мектепте жалғастырды. Оқу үздігі, мақтау қағаздары болған.

Еңбек жолын 1960 жылы Сталин атындағы колхозда жұмысшы (тракторшының көмекшісі, шебер) болып бастады, сол уақытта ауылдық кітапхананы басқарды. Одан кейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. (Курчатов қаласындағы Семей ядролық полигонында 1 жыл, кейін сержант шенімен Киев қаласының әскери бөлімдерінде взвод командирі қызметін жалғастырды). 1963 жылы Киев гарнизонының арнайы бөлімшелерінің саяси бөлімі КОКП мүшелігіне кандидат болып қабылданды (1965 жылдан Коммунистік партияның мүшесі).

1968 жылы С.М. Киров атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетін үздік бітірді. Ол кездегі тарих факультетінің оқытушылары атақты тарихшылар: Г.Ф. Дахшлейгер, С.К. Жақыпбеков, А.С. Тәкенов, Т.Б. Балақаев, Т.А. Найзағарин және т.б. Дипломдық жұмысының тақырыбы: «Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының тарихнамасы (1917-1927 жылдардағы мерзімді баспасөз материалдары негізінде). Ғылыми кеңесшісі: Григорий Федорович Дахшлейгер – кеңес тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы (1974), профессор (1968), Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1972). 

Жас мамандарды бөлу бойынша ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына жіберілді. Кіші, аға ғылыми қызметкер, 1990-1994 жылдары аграрлық қатынастар тарихы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1994 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың тамызына дейін институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болды. 2007 жылдың маусымынан 2008 жылдың ақпанына дейін директордың міндетін атқарды. Қазіргі уақытта ХХ ғ. Қазақстан тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері. Кандидаттық диссертацияның тақырыбы: МТС рөлі және Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның ауылдық механизаторларының еңбек ерлігі, 1941-1945 жж: диссертация … тарих ғылымдарының кандидаты: 07.00.02. – Алматы, 1986. – 168 б. ғылыми жетекшісі: Балақаев Төлтай Балақайұлы (13.04.1923, Семей облысы, Абралы ауданы 5-А.-20.11.2017, Алматы) – тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, майдангер.

1941-1945 жылдардағы соғыс уақытының тарихы, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық тарихы, жаппай саяси қуғын-сүргін, оның ішінде халықтарды Қазақстанға депортациялау бойынша маманданған. Жоба басшысының орынбасары және редактор ретінде қазақ және орыс тілдерінде 5 томдық “Қазақстан тарихы” басылымына қатысты. 4 томдық еңбектің жауапты редакторы, авторларының бірі болды. Орыс және түрік тілдерінде жарық көрген «Қазақстан тарихы. Очерк» атты еңбегінің жауапты редакторы, авторы ретінде болған.

1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ашаршылық пен ұжымдастыру трагедиясының мән-жайларын, ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін жағдайларын зерделеу жөніндегі комиссиясының құрамында жұмыс істеді.

Бірнеше монографиялардың, 400-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы. Оның көптеген мақалалары “Қазақ Кеңес Энциклопедиясында” 12 томдықта (1970-1978), “Қазақ КСР қысқаша энциклопедиясында” 4 томдықта (1980-1985), “Алматы” энциклопедиясында (3 басылымда) және т. б. жарияланды. Бірқатар әдебиеттердің, 5 томдық “Қазақ КСР тарихының”, Ш. Уәлихановтың жекелеген мақалаларының қазақ тіліне аудармаларының авторы.

2015 жылы «Білім және мәдениет» арнасында «Бірінші. Жеңіске қосқан үлес» 46 деректі телефильмнің (әрқайсысы 40 минуттан, оның 13-і қазақ тілінде) ғылыми кеңесші және спикері ретінде қатысты. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты «Анаға апарар жол» көркем фильмінің (реж. А. Сатаев) ғылыми кеңесшісі. «Мир» телекомпаниясы түсірген «Дорога людей» бағдарламасының 8 бейнедәрісінің авторы.

Ғылыми-педагогикалық жұмысты жүргізді. 1987-1994 жылдары Абай атындағы АМУ-да сабақ берді. 1999-2009 жылдары Әскери академияның профессоры болды. 21 ғылым кандидатын дайындады. Көптеген халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысты.

Ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі үшін «Құрмет» орденімен (1998), «Отан қорғаушы» (2017), «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін», сондай-ақ «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» (2002) төсбелгісімен марапатталған. 2018-2021 жж «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ҒЗИ құрметті профессоры» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті профессоры», 2022 жылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі» атақтары берілген.

НаурызбаеваЗәуреХасенқызы (1945-2000) – Қ.С. Алдажұмановтың жұбайы. Мәскеу тарихи-мұрағат институтының жанындағы Біліктілікті арттыру мектебін бітірген. 1970 жылдан бастап Ұлттық Ғылым Академиясының мұрағатында жұмыс істеді, 1990-1992 жылдары мұрағат меңгерушісі болды. 1992 жылдан бастап Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институтында ғылыми хатшы, ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1997 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.

Жарияланымдар: В труде и в бою (соавт.). – Алма-Ата: Казахстан, 1979. –240 с.; Трудящиеся Казахстана – фронту (соавт. Т. Балакаев). – Алма-Ата: Ғылым, 1985. – 320 с. (на каз.яз.); Тарихта мәңгі калган ерлік. -Алматы: Білім, 1975. – 25 б.; Сельские механизаторы Казахстана на фронтовой вахте // Казахстан в Великой Отечественной войне. Очерки. Вып. 2. – Алма-Ата: Наука, 1974; Историография Казахстана периода Великой Отечественной войны // Актуальные проблемы истории Советского Казахстана (соавт. Т. Балакаев). – Алма-Ата: Наука, 1980; Партия мен халықтың ұлы ерлігі. –Алматы: Білім, 1985. – 30 б.; Казахстан в годы Великой Отечественной войны (1941-1945). Аннотир.библиогр. указатель. – Алма-Ата: Ғылым, 1985. – 112 с. (автор предисловия и один из составителей); Программа по истории Казахстана для 5, 8-11 классов Средней школы. – Алма-Ата, 1990. – 112 с. (соавтор); Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. – Алматы, 1992. – 36 с. (соавтор); Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлықпен зорлық. – Алматы. 1992. – 36 б. (соавтор); Азалы кітап. Книга скорби. Вып. I. – Алматы. 1996; Вып. II. 1998 (соавтор предисловия и член редколегии); Қазақстан тарихы. Очерк. – Алматы: Дәуір, 1994. – 447 б. (автор раздела и главный редактор); Тоталитарный социализм: реальность и последствия. – Алматы: XXI век. – 28 с. (соавтор М.К. Козыбаев); Крестьянское движение сопротивления коллективизации и политические репрессии в Казахстане // Народ не безмолвствует. – Алматы. 1996; Депортация народов – преступление тоталитарного режима. – Алматы: XXI век, 1997. – 18 с.; Депортация народов в Казахстан // Забвению не подлежит. – Павлодар, 1997; Трудармейцы Казахстана: история и судьбы. // Материалы II конгресса немцев трудармейцев Казахстана. Алматы. 1997; Открытые судебные процессы 1937 года в Казахстане // Феникс. 1997. № 9; Насильственная коллективизация и голод 1931-1933 гг. в Казахстане. Сб. Документов и материалов. – Алматы: XXI век, 1998. – 240 с. (автор предисловия и один из составителей); Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. –Алматы: Арыс-Казахстан, 1998. – 420 с. (предисловие, автор разделов, один из составителей документов); Қазақстан тарихы. Оқу бағдарламасы. –Алматы, 2001. – 44 б.; История Казахстана. Курс лекций. – Алматы: Үш қиян, 2003. (автор раздела); Өз заманының өр тұлғасы // Күрделі заманның қайсар қайраткері. – Алматы, 2002; Депортация народов – преступление сталинского тоталитарного режима // От депортации к интеграции. –Алматы: Дәуір, 2004; Восточная Сарыарка. Каркаралинский регион в прошлом и настоящем. Колл. монография. – Алматы: Эверо, 2004. – 564 с. (автор 3 глав, под редакцией К.С. Алдажуманова и А.З. Бейсенова); Шыгыс Сарыарка. Қарқаралы өңірінің өткені мен бүгіні. Ұжымдық монография. – Алматы: Эверо, 2004. – 703 б. (редакциясын басқарған КС. Алдажұманов, А.З. Бейсенов, 3 тараудың авторы); О депортации немецкого населения в Казахстан (1941-1945 гг.) // “Aus Sibirien – 2005”. Научно-информационный сборник. – Тюмень, 2005.; История Алматы. Т.2. – Алматы. 2010. (автор разделов и один из редакторов); История Казахстана. Т.4. – Алматы. 2010. (автор разделов и один из редакторов); Kazakistan ve kazaklar. – Istanbul. 2007. (автор раздела и главный редакторов); Қазақстан КСРО-ның Ұлы Отан соңысы кезеңінде. (1941-1945). – Алматы. ТЭИ. 2016. – 317 б. (қолжазба құқығында); Трагедия казахского аула. Т.1. 1928-1929. – Алматы. «Раритет». 2013. – 743 с. (автор вступительной статьи (с. 3-16) и член редколегии); Тұтқындағы қазақ жауынгерлері және Түркістан легионы. – Алматы. ТЭИ. 2016 – 30 б.; К истории голода 1931-1933 годов в Казахстане. // Исторический ежегодник. – Алматы. 2020. – с. 309-321 и др.

Әдебиет: Алдажуманов К.С. // Шаймерденова М. История Казахстана. – Алматы, 1999; История исторического факультета КазНУ им. аль-Фараби. – Алматы: КазНУ, 2005; Тарих тылсымын түгендеген // Орталық Қазақстан, 2002, 7 желтоқсан; Тарихы мол білім ордасы. Қарағанды, 2002, 58-59 бб; Алдажұманов Қ.С. // Отан тарихы. 2002, №4, 110-111-66.

Loader Loading…
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab

Скачать [51.06 MB]