Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты


ЕЛТОҚ ДІЛІМБЕТҰЛЫ ДІЛМҰХАМЕДОВ


          

Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедов (21.09.1903-18.03.1990) – көрнекті қазақ совет тарихшысы.

            Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедов 1903 жылы 21 қыркүйекте Шымбай ауданы Көккөл болысына қарасты Көккөл ауылында (қазіргі Қарақалпақ АКСР Первомай совхозы) дүниеге келген. Елтоқ Ділмұхамедовтің әкесі Ділімбеттің отбасы көп балалы болатын. Отбасының көбеюіне әйелінің үш рет егіз бала тууы ықпал етті. 22 баласының кенжесі Елтоқ еді. Балалық шағы негізінен төрт ағасы (Жолыш, Наурызалы, Патулла, Елубай) және әпкесі Злихамен бірге өтті. 1916 жылдың жазында Елтоқтың ата-анасы туған жері Көккөлді біржола тастап кетуге мәжбүр болады. Себеп 1916 жылы 25 маусымдағы патша Николай II –нің соғыс даласына қорғаныс құрылыстары мен әскери бекіністерді салуға 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарды тарту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл патша жарлығына қарсы Шымбай қаласы мен Шымбай ауданында халық толқулары басталды. Елтоқтың әке-шешесі Әмудария жағасына, одан Ақтөбе облысының қазіргі Горький Алчинский ауданы атындағы кеңшардың құрамындағы 1914 жылы қызы Злиха тұрмысқа шыққан Бестамақ станциясына қоныс аударды.

            1918 жылы қыста Елтоқтың ата-анасы бай Елжан Итесовтың шаруашылығында аштықтан өледі. Елтоқ темір жол вокзалдары мен орыс ауылдарын аралап, садақа жинап жүрген көше баласының өмірін басынан өткерді. 1921 жылы Елтоқ ағасы Наурызалы екеуі Қоңырат қаласынан Хорезм Кеңестік республикасының сол кездегі астанасы Хиуа қаласына қоныс аударады. Осы жерде Хорезм Кеңестік Республикасы Орталық Атқару Комитеті жанындағы қазақ-қарақалпақ бөлімінің қызметкері, қарақалпақ коммунисті Бадраддин Сидрасуловтың көмегімен кешкі оқу бағдарламасы бойынша білім алады. 1922 жылы оқу мен жазуды меңгерген 19 жасар Елтоқ В.И. Ленин атындағы тоғыз айлық кеңестік партия мектебіне оқуға түсіп, комсомол қатарына қабылданады. 1924 жылы 1 мамырда Елтоқ партия мүшелігіне кандидат болды және басмашылдыққа қарсы күреске қатысты.

            1924 жылдың қазанынан 1930 жылдың мамырына дейін Хиуа қаласындағы Ленин атындағы Орта Азия коммунистік университетінің (бұдан әрі ОАКУ) студенті болды. 1925 жылы 16 желтоқсанда осында Большевиктердің бүкілодақтық коммунистік партиясына мүше болып қабылданды. Елтоқ Ділімбетұлы 1927 жылы Қарақалпақ АКСР-не Қоңград аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып бір жылдық практикалық жұмысқа жіберіледі. 1928 жылы тамызда Ташкентке оралып, 1930 жылы мамырда университетті бітіреді.

            ОАКУ-ды бітіргеннен кейін 1934 жылға дейін (1930 жылдың 1 қаңтарынан 1 сәуіріне дейін), Қызылорда облыстық партия тарихы, Қостанай облысаралық партия мектептерінде қоғамтану пәнінің мұғалімі, 1930 жылдан кейін Ақтөбе жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы мектебінің доценті. 1934 жылы Бүкілодақтық коммунистік партияның Орталық Комитеті оны Ташкенттегі Орта Азия жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы мектебіне ауыстырды. Осында доцент қызметін атқара жүріп, Ташкенттегі марксизм-ленинизм институтының тыңдаушысы да болды. 1938 жылы осы институтты бітіргеннен кейін Шымкенттегі облыстық партия курстарында және 1939-1940 жылдары Ташкенттегі Өзбекстан Компартиясы Большевиктік Орталық Комитеті жанындағы партия курстарында марксизм-ленинизм негіздерінен сабақ берді. 1941-1942 жж Е.Ділмұхамедов Төрткүлдегі Қарақалпақ мемлекеттік мұғалімдер институтында марксизм-ленинизм негіздері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Алайда 1942 жылы 20 шілдеде Қызыл Армия қатарына шақырылуына байланысты жұмыстан босатылады. 1942 жылдың тамызынан 1947 жылдың тамызына дейін Ташкент медицина институтында марксизм-ленинизм негіздері кафедрасын басқарды. Сол жерден Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жолдауымен Қазақстанға ауыстырылып, Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.

            1941 жылдан бастап оның Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының тарихы бойынша ғылыми-зерттеу қызметі басталды. «Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісі» деген тақырыпта 1946 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің мәжілісінде тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады. Осыдан кейін Елтоқ Ділімбетұлы 1947 жылы Ташкенттен Алматыға көшіп келіп, Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында (Қазақстан Республикасының жаңа тарихы институтының Қазақстан тарихы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері) қызмет етті. Қазақ КСР ҒА тарих, археология және этнография (1947), Революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкер (1954), осы бөлімнің ғылыми кеңесшісі (1977–1982) қызметтерін атқарды. 1982 жылы зейнеткерлікке шықты.

            1950 жылдан бастап өнеркәсіп тарихының мәселелерін шешу, революцияға дейінгі Қазақстанның жұмысшы табының революциялық қозғалысын қалыптастыру мәселелерімен табысты еңбек етті. 1951 жылы Кенесары Қасымовтың қозғалысын феодалдық-монархиялық сипатта деп бағалауға байланысты оның кандидаттық диссертациясының бірінші қорғауы тоқтатылды. Елтоқ Ділімбетұлы К.Қасымовтың реакциялық-монархиялық қозғалысын жариялауда саяси қателік жібергені үшін партия қатарынан шығарылды, бірақ 1953 жылы Алматы облыстық комитетінің шешімі күшін жоюға байланысты ҚКП ОК Бюросының қаулысымен партия қатарына қайта алынды.

            1954 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде «ХХ ғасыр басындағы Қазақстан кеншілерінің революциялық қозғалысы» тақырыбындағы ғылыми зерттеулері үшін тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

            1957–1964 жылдары Елтоқ Ділмұхамедов көрнекті ғалым ретінде Алматыда, Ленинградта, Ростов-на-Донуда өткен Бүкілодақтық ғылыми-теориялық конференцияларда (Бүкілодақтық жұмысшы тап тарихы бойынша сессия, 1963 жылы), Мәскеу (Бірінші дүниежүзілік соғыс тарихы бойынша Бүкілодақтық конференция, 1964 жылы) Қазақстан және Қарақалпақстан туралы баяндамалар жасады. Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін талқылауға көтерді. 1973 жылы Мәскеуде «ХІХ ғасырдағы Солтүстік және Орталық Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібі және жұмысшы табының қалыптасуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Елтоқ Ділмұхамедов саналы ғұмырын еліміздің тарихын зерттеуге арнап, артында құнды еңбектер қалдырды.

            2 томдық «Қазақ ССР тарихын» жасауға қатысты.

            «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» және «Ерен еңбегі үшін медальдарымен, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» марапатталған.

            Негізгі ғылыми еңбектері:

1.         К вопросу о зарождении рабочего класса в Казахстане // Вестник АН КазССР. –  1950. № 3.

2.         Дильмухамедов Е.Д. Революционное движение горнорабочих Казахстана в начале ХХ в. (1901-1917 гг.): Автореферат канд.диссертации. – Алма-Ата, 1954. – 15 с.

3.         Дильмухамедов Е.Д. Революционное движение горнорабочих Казахстана в начале ХХ века (1900-1917). – Алма-Ата: Казгосиздат, 1955. – 128 с.

4.         Книга о революционном прошлом горняков нашей республики // Коммунист Казахстана. – 1956.

5.         Дильмухамедов Е.Д. Формирование горнопромышленного пролетариата в районе Караганды // Вестник АН КазССР. –  1959. –  № 11.

6.         Дильмухамедов Е.Д., Маликов Ф. Очерки истории рабочего класса дореволюционного Казахстана: Вторая половина ХIX-начало ХХ веков. – АН КазССР Институт истории, археологии и этнографии им. Ч.Ч. Валиханова. – Алма-ата: Издат. АН Каз. ССР, 1963. – 271 с.

7.         Дильмухамедов Е.Д. Общественно-политическая деятельность ссыльных польских патриотов в Казахстане // Вестник АН КазССР. –  1966. –  № 1.

8.         Дильмухамедов Е.Д. Горная, горнозаводская промышленность и формирование рабочего класса в Северном и Центральном Казахстане:  Дисс.докт.ист.н. Алма-Ата, 1970.

9.         Дильмухамедов Е.Д. Из истории горной промышленности Казахстана. –  Алма-Ата, 1976.

10.       Дильмухамедов Е.Д. Восстание казахов под руководством Кенесары Касымова в 1837– 1847 гг. –  Алматы, 2010 г. – 200 с.