36 айға гранттық қаржыландыру жобалары. (2021-2023)
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Жоба тақырыбының атауы:
AP09260737 – «ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ».
Жоба жетекшісі: ЖҒҚ., т.ғ.к. Ә.К. Шашаев.
Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы. Басталуы – 2021 ж. 1қаңтар. Аяқталуы – 2023 ж. 31 желтоқсан. Созылу уақыты – 3 жыл (36 ай).
Жобаның негізгі мақсаты – Ғылыми-ағартушылық бағытты ұстанған қоғамдық ұйымдардың құрылуы мен қызметінің тарихын тың деректік материалдар негізінде, жаңа пайымдаулар тұрғысынан талдау жасай отырып, оның Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы ағартушылық пен ғылыми зерттеулерге бастама болған маңызын ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Жобаның міндеттері:
– Қазақстандағы азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі мәдениет, ағарту және ғылыми мекемелер қызметін жолға қоюға қатысты қабылданған шараларды анықтау;
– Алғашқы ғылыми-ағартушылық қоғамдық ұйымдардың Орынборда құрылуы мен оның қызметі, жарғысына байланысты қолға алған істері мен оның жүзеге асуының барысын талдау;
– Сауатсыздықпен күрес және арнайы курстар ашылуы мен оларды оқулықтармен қамтамасыз етудің қиындықтары мен нәтижелерін деректер арқылы талдау;
– Қоғамдық негіздегі қорлардың құрылу тарихы мен қызметін зерттеу және оның құрамындағы болған қазақ зиялыларының ағартушылық-шығармашылық мұрасын пайымдау;
– Ағарту саласындағы қоғамдық ұйымдардың елдегі өлкетану, мұражай және кітапхана ісін жандандыру барысындағы іс-әрекеттеріне талдау жасау;
– Қазақстанды зерттеу қоғамының қазақ ғылымы мен ағарту ісіне қосқан үлесін бағалау және оның қазіргі кездегі Қазақстан ғылымымен сабақтастылығы жөнінде ой қорыту.
Алынған нәтижелер: Қазақстан мен Ресейдің архив қорларында сақтаулы тұрған ХХ ғ. бірінші ширегіне қатысты тарихи деректік жіктеудің жалпы мәселелерін қарастыру жүзеге асырылды. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы архивтер қорының ғылыми қоғамдардың жарғыларын әзірлеу жөніндегі материалдарын салыстырмалы талдау негізінде бұл қоғамдар революцияға дейінгі кезеңде де өз қызметін бастады деген қорытындыға келуге болады. Мысалы: РГИА-да (Ресей мемлекеттік тарихы архиві, Санкт-Петербург) бірнеше қорлар бар, әсіресе революцияға дейінгі ғылыми қоғамдардың (РГИА) тарихын көрсететін – Халықтық ағарту департаментінің 733 қоры, 91 тізбесінде. – «Ғылыми қоғамдардың қызметі туралы істер», оның ішінде «1818-1830 жылдардағы декабристердің қатысуымен өзара оқыту училищелерін құру қоғамы туралы»; 155 тізбе, 953 іс – «Тарихқа қызығушылар қоғамының өтініші бойынша» (1915); 156 тізбе, 363 іс – «Әртүрлі ғылыми қоғамдардың жарғылары» (1915). Мысалы, «әр түрлі ғылыми мекемелер мен қоғамдардың сьездерін құру туралы іс» деп аталатын қорда (РГИA. 733 қ., 156 т., 389 іс) ғылыми мекемелер мен қоғамдардың тізімдері, тарихи, археологиялық қоғамдары, археографиялық комиссия, губерниялық ғылыми мұрағат комиссиясы, кітапханалар және басқа қоғамдар кеңінен ұсынылған. Алынған материалдар Ұжымдық монография енгізілді. Қортынды есеп өткізілді.
Орынбор (РФ), Нұр-Сұлтан (Астана қ.) қалаларына ғылыми іс-сапар барысында архивтерінде материалдар жинақтау жүргізілді. Жобаның күнтізбелік жоспары мен бюджеттік өтініміне сәйкес Орынбор қаласына (РФ) ғылыми іссапар жүзеге асырылды. Іссапар барысында негізгі жұмыс Орынбор облысының біріккен мемлекеттік архивінде (ООБМА) жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде архивтерде зерттелетін жобаның мәселелерін қамтитын жеке істер парақтарының көшірмелері жасалды. Н.К. Крупская атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада да ғылыми жұмыс жүргізілді. ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының ағартушылық қызметінің жекелеген мәселелерін қамтитын электрондық басылымдарды іздеу, анықтау және көшіру бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. Олардың ішінде революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдегі жекелеген мақалалар және т. б. жалпы алғанда 20-ға жуық басылымдардың көшірмелері сатып алынды. Нұр-Сұлтан (Астана қ.) қаласына іс – сапар барысында ҚР ұлттық архиві, қалалық архив кітапханалар, Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығы, Көкшетау қаласындағы Ақмола облысының орталық мемлекеттік архиві қорларымен ізденіс жұмыстары жасалды. ҚР Ұлттық кітапханасының электрондық каталогы арқылы жоба тақырыбына қатысты 1920-37 жылдар аралығында жарық көрген жәдит, латын әрпімен баспадан шыққан құнды деректері бар кітаптар тізбесі жасалып, көшірмелері алынды. Нұр-Сұлтан қаласы (Астана қ.) мемлекеттік архивінің Р-98, Р-116, Р-123, Р-272, Р-351 қорларындағы 1,2 тізбелердің көптеген істері қаралды (Әрбір папкада кем дегенде-4000 астам парақ бар), Ақмола облыстық орталық мемлекеттік архивінің (Көкшетау қаласында орналасқан): 67, 69, 1304, 145 – қорларындады істер қарастырылып, қажетті парақтарына көшірме жасалды.
Жоба тақырыбы аясында республикалық конференция өткізілді. 2023 жылғы 26 қазанында, сағат 14.30 – «Қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі аартушылығы: қызметі мен тарихы» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн-офлайн форматында(ID: 878 2833 9562 Password: 340099) («Ғылым ордасы», Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Алматы қ., Құрманғазы көш, 29, 2 этаж, 205 ауд.). Конференция жұмысына көптеген ғалымдар (Астана, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларынан), жоба орындаушылары, докторанттар мен магистранттар қатысты. Есебі жарияланған: Шашаев Ә.Қ., Конкабаева А.Н. Қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі ағартушылығы: қызметі мен тарихы // «e-history» порталы. – 27.10.2023. https://e-history.kz/kz/news/show/339554
2023 жылы Жоба аясында 1 (бірінші) не 2 (екінші) не 3 (үшінші) квартильдерге кіретін, Web of Science халықаралық деректер базасымен индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымда және (немесе) Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index базасына кіретін және (немесе) Scopus базасында cite Score бойынша процентиль бар кемінде 35 (отыз бес) кемінде 1 (бір) мақала және/немесе шолу жоспарланған, зерттеу нәтижесінде 2 мақала жарияланды. ҚР БжҒМ БжҒСБҚ ұсынған тізімге кіретін ғылыми журналдарда 3 мақала жарияланды. Web of Science, Scopus базасындағы жарияланымдар:1 Шашаев А.К., Тлеубаев Ш.Б., Курманалина Н.Н., Белаус С.Г. Роль Академического центра в развитии оброзавания, науки и просвещения Казахстана (1921-1926 гг.) // Bylye Gody. – 2023. – 18(3). (Scopus Q 1, процентиль 89)DOI: 10.13187/bg.2023.3.1561. 2 Shashayeva M.A., Shashayev A.K., Kozybaeva M.M., Yildirim Seyfi. Comprative Analysis of Studies on the Problems of Kazakh Women in the first half of the XX century // Bylye Gody. – 2023. – 18(3). (Scopus Q 1, процентиль 89)DOI: 10.13187/bg.2023.3.1550 2. ҚР БжҒМ БжҒСБҚ ұсынған тізімге кіретін ғылыми журналдардағы жарияланымдар: 1 Шашаев Ә.Қ. Досқараева А. XIX ғасырдың ІІ жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы мұғалім феномені // ҚР ҰҒА, Абай ат. ҚазҰПУ хабаршысы. – № 2(402). – 2023. – Б. 79-97. 2 Конкабаева А.Н., Конкабаева Н.Н., Мрзабаева Р.Ж. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстандағы білім беру саласындағы кітапханалардың рөлі // ҚР ҰҒА–ның Хабаршысы. – № 4(404). – 2023. – Б. 168-178. 3 Шашаев Ә.Қ., Тілеубаев Ш.Б., Құрманалина Н.Н. Акaдемиялық opтaлық: құрылуы мен қызметінің кейбір аспектілері // Отан тарихы. 2023. Т. 26. № 1. С. 4-16. (Қаз.) DOI: 10.51943/2710-3994_2023_26_1_4-16 Зерттеу нәтижесі ретінде ұжымдық монография дайындалып, баспаға берілді. AP09260737 – «ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың ағартушылық қызметі» жобасының негізгі нәтижесі ретінде 20 баспа табақтан тұратын «Қазақстандағы 1920 – 1930 жылдардағы қоғамдық негізде ағартушылық қызмет атқарған ұйымдардың тарихы» деп аталатын ұжымдық монография қолжазбасы дайындалып, баспаға ұсынылды. Соңғы жиынтық есеп дайындалып, өткізілді.