Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт тарихы


Институт директорлары


Юшков Серафим Владимирович (1988–1952; директор – 19461948) – кеңестік мемлекет және құқық тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы (1935), профессор, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі (1939 жылдан), Қазақ КСР ҒА академигі (1946 жылдан), РКФСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Петербург университетінің тарих-филология факультетін бітірген.

Негізгі ғылыми еңбектері: XV-XVII ғасырлардағы Ресейдің солтүстігіндегі приход өмірінің тарихы туралы очерктер. СПб., 1913; Орыс құқығының тарихы туралы зерттеулер. Новоузенск, [1926]; Киев Русіндегі феодализм тарихы туралы очерктер. М.; Л., 1939; Феодалдық мемлекеттің қалыптасу мәселесіне. М., 1948; Орыс ақиқаты. Шығу тегі, деректері, мағынасы. М., 1950. 


Покровский Сергей Николаевич (1901–1951; директор – 19481953) – кеңес тарихшысы, ҚазКСР ҒА академигі (1951), ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері. СИЭ бас редакциясының мүшесі. Қазақстандағы Қазан төңкерісі және азамат соғысы тарихы, тарихнама және т.б. бойынша 60-тан астам зерттеулердің авторы. «Қазақ КСР тарихы”» редакторлары мен авторларының бірі (т. 1–2, A.-A., 1952–67), көптеген құжаттар мен мақалалар жинағының редакторы.

Негізгі ғылыми еңбектері:Жетісудағы Кеңес өкіметінің жеңісі. A.-A., 1961; В.В. Куйбышев Қазақстанда. A.-A., 1963; Шетелдік әскери интервенттердің және Қазақстандағы ішкі контрреволюцияның жеңілісі (1918–20). A.-A., 1966.


 

Горохводатский Иван Степанович (1906–1978; директор – 19531956) – тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты (1950). Қызыл-Орда педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген (1941). Аға ғылыми қызметкер, партия тарихы секторының меңгерушісі, КОКП ОК жанындағы МЭЛСИ Қазақ филиалы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1945-1953), ҚазКСР ҒА тарих, археология және этнография институтының директоры (1953-1956) қызметтерін атқарды.   Негізгі ғылыми еңбектері:«ҚазКСР тарихы» бірінші томы редакциялық алқасының мүшесі.


 

Нүсіпбеков Ақай Нүсіпбекұлы (19091983;, директор – 19561982) – тарихшы, тарих ғылымдарының докторы (1961), профессор (1963), ҚазКСР ҒА академигі (1967), ҚазКСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1971), ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының (1982), Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығының (1966) лауреаты. Қазақ педагогикалық институтын бітірді (1947). Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография секторының қолөнер және халық өмірі бөлімінің ғылыми қызметкері (1946-1953), ҚазКСР ҒА вице-президенті (1968-1976) болып қызмет атқарды.

Негізгі ғылыми еңбектері: 200-ден астам еңбектердің авторы. «Қазақ КСР тарихы: (ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін)». 5 томдық. (бас редактор); Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында қазақ жерлерінің бірігуі. Алма-Ата, 1953; Тарихтың бұрмалануы және тарихи шындық. Алма-Ата, 1964 (соавтор); Қазақстанда кеңес жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы (1917–1940). Алма-Ата, 1966.


 

Төлепбаев Бәйдіибек Ахметұлы (1921–2011;, директор – 1983–1984) – тарихшы және партиялық қайраткер, тарих ғылымдарының докторы, РҒА корреспондент-мүшесі (1991); КСРО ҒА корреспондент-мүшесі (1981), ҚР ҰҒА академигі. Окончил Ташкентский педагогический институт (1949). Өзбек КСР КП ОК, КОКП ОК аппаратында, 1976–1984 – ҚазКСР ҒА вице-президенті, 1985–1994 – партия тарихы институтының директоры, ҚР ҰҒА Президиумының кеңесшісі болып қызмет атқарған. 190-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монографияның авторы.

Негізгі ғылыми еңбектері:Ауыл шаруашылығының күрт өсуі үшін күресте Өзбекстан компартиясы. Ташкент, 1959; Орта Азия республикаларында партияның лениндік аграрлық саясатын жүзеге асыру. М., 1967; Орта Азия мен Қазақстанның ауыл шаруашылығын социалистік қайта құрудың лениндік идеяларының салтанаты. М., 1971; Кеңестік Шығыс республикаларындағы аграрлық өзгерістер. М., 1972 (араб тілінде); Орта Азия мен Қазақстандағы социалистік аграрлық өзгерістер. М., 1984 (орыс және ағылшын тілдерінде).


 

Сүлейменов Рамазан Бимашұлы (1931–1992;директор – 19841988) – тарихшы, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы (1973), профессор (1981), ҚазКСР ҒА академигі (1989), Ш.Ш. Уәлиханов ат. лауреаты. С.М. Киров ат. ҚазМУ тарих факультетін бітірген (1956). 1957–1983 – аспирант, Қазақстанның мәдениет тарихы бөлімінің меңгерушісі; 1983–1984 – ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институты директорының орынбасары; 1986–1992 – Қазақстанның ҒА әлеуметтік ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы; 1992 ж. – ұйғыртану институты жанындағы Шығыстану орталығының бірінші басшысы.

Негізгі ғылыми еңбектері:Артта қалған халықтардың мәдени прогресінің социалистік жолы. Алма-Ата, 1967 (соавтор); Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы. Алма-Ата, 1985 (соавтор); а XVIII ғ. Қазақстан тарихынан Алма-Ата, 1988 (соавтор); Санжар Джафарұлы Асфендияров. Алма-Ата, 1989.


 

Қозыбаев Манаш Қабашұлы (1931–2002;, директор – 1988–2002) – тарихшы, тарих ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970), ҚазКСР Ш.Ш. Уәлиханов ат. Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты (1970), ҚазКСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1986), ҚазКСР ҒА академигі (1989), ҚР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты (1995) және т.б. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді (1953). 1953–1957 – Қостанай педагогикалық институтында оқытушы; 1958–1974 – ҚазКСР КП ОК жанындағы марксизм-ленинизм институтында қызмет атқарған; 19741980 – Алматы зооветеринарлық институтында және С.М. Киров атындағы ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтында жұмыс істеді; 1980–1986 – Қазақ Кеңестік энциклопедияның бас редакторы; 1986–1988 – Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих, археология және этнография институтында тарихнама бөлім меңгерушісі болды. 900 астам жарияланымдардың (оның ішінде 30 монографияның) авторы.

Негізгі ғылыми еңбектері:Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан компартиясы (1941–1945). Алма-Ата, 1964; Қазақстан – майдан арсеналы. Алма-Ата, 1970; Тарих және қазіргі заман. Алма-Ата, 1991; Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1994; Жеңіс үшін еңбек. Алматы, 1995; Тарих зердесі. Кн. 1-2. Алматы, 1999; Қазақстан ғасырлар тоғысында: ойлар мен ізденістер. Т. 1–2. Алматы, 2001; Өркениет және ұлт. Алматы, 2001; Жұлдызым менің. Алматы, 2001 және т.б.


 

Қойгельдиев Мәмбет Құлжабайұлы (1947 т.ж.; директор – 2002–2006) – тарихшы, тарих ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995), ҚР ҰҒА академигі (2013), Қазақстан тарихшылары қауымдастығының президенті, Вена қаласындағы Халықаралық университеттің құрметті профессоры (2007), Сократ халықаралық сыйлығымен (2007), «Парасат» орденімен (2013) марапатталған. Қырғыз мемлекеттік университетін бітірді (1968). 1968–1971 – ауыл мектебінде оқытушы, Жамбыл облыстық архивінің ғылыми қызметкері; 1971–1989 – С.М. Киров ат. ҚазМУ доценті; 1989–1991 – ҚазКСР КП ОК жанындағы партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері; 1994–2002 – Әл-Фараби ҚазҰУ жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі,  ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру институтының директоры, әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарих факультетінің деканы; 2006 жылдан бастап Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, Абай ат. ҚазҰПУ профессоры. 400 астам жарияланымдардың авторы. 

Негізгі ғылыми еңбектері:Қадырғалиби Қосымұлы жəне оның «Жылнамалар жинағы». Алматы, 1991 (соавтор); Алаш қозғалысы. Алматы, 1995; Ұлттық саяси элита. Алматы, 2004; Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Көп томдық / Ред. М.Қ. Қойгелдиев. – Алматы, 2007–2008; 1920-1940 жылдардағы Қазақстандағы сталинизм және репрессия. Алматы, 2009 және т.б.


 

Бұрханов Камал Низамұлы (1954–2020;, директор –2006–2007) – тарихшы, саясаттанушы, мемлекеттік қайраткер, тарих ғылымдарының кандидаты (1988), саясаттану ғылымдарының докторы (1997), профессор, ҚР білім беру саласындағы құрметті қызметкер (2004), ҚР ғылым саласындағы құрметті қайраткері (2009), Қазақстанның құрметті қайраткері (2015), көптеген медальдармен марапатталған. Ташкент МУ бітірген (1977). 1977–1978 – Кастеев ат. ҚазКСР Мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері; 1978–1979 – ҚазКСР ҒА тарих, археология және этнография институтының аға лаборанты; 1979–1995 – Әл-Фараби ат. ҚазҰУ саясаттану кафедрасында аға лаборант, ассистент, аға оқытушысы, доцент, декан орынбасары, саясаттану кафедрасының орынбасары; 1995–2000 – Әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарих факультетінің деканы; 1997–2002 – Мәскеу мемлекеттік университеті Алматы филиалының проректор–директоры; 1999–2001, 2002–2004 – Ресей және Китай институтының директоры; 1999–2007 – ҚР әлеуметтік ғылымдар академиясының вице-президенті; 2000–2002 – Әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, саясаттану кафедрасының меңгерушісі; 2002–2004 – профессор, Абай ат. АМУ заң факультетінің деканы; 2002–2006 – «Отан» саяси одақ партиясының мүшесі; 2004–2006 – ҚР ПА Қазақстан халқы Ассмаблеясы хатшылығының бас сарапшысы; 2004–2006 – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ профессоры; 2007–2011, 2012–2016 – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты; 2016 – М.В. Ломоносов ат. ММУ Қазақстандық филиалының дамуы бойынша директор орынбасары; 2016–2020 – саяси, әлеуметтік және тарихи зерттеулер институтының директоры.
Негізгі ғылыми еңбектері: Қазақстандағы әлеуметтану: фактілер, мәселелер, келешектер. Алматы, 1994; Социализм теориясы мен практикасының тарихы. Алматы, 1996; Ел Еуразия жүрегінде. Алматы, 1998; Орталық Азиядағы экстремизм. Алматы, 2000; Солтүстік Кавказ: тарихы және қазіргі заман. Алматы, 2001; Қытай өткен мен болашақтың арасында. Алматы, 2001; Уақыт призмасы арқылы. Алматы, 2014; Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық тұжырымдамасының саяси философиясы. Астана, 2015.


 

Мәжітов Саттар Фазылұлы (1964 т.ж.; директор – 2008–2011) – тарихшы, мемлекеттік және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы (2007), профессор (2009), Ә.Х. Маргулан ат. сыйлығының лауреаты (1995), ақпаратттандыру халықаралық академиясының (2010) және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2011), ҚР МММ бойынша комиссиясының мүшесі (2008 жылдан), ТМД елдерінің тарих институттары Ассоциациясының мүшесі (2005-2010), шетелдік, отандық университеттерінің құрметті және шақырылған профессоры, көптеген марапаттары бар. Қарағанды МУ бітірген (1986). 1986-1988 – Қостанай педагогикалық институты жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы; 1989-1992 – аспирантура; 1993-2005 – Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының ҒҚ, АҒҚ, ЖҒҚ; 2006–2008 – Институттың заманауи тарих және ғылыми ақпарат бөлімінің меңгерушісі; 2011-2014 – жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, БҒҚ; 2014 – Қаз мәдениет ҒЗИ директоры; 2016-2019 – Оңтүстік-Қазақстан және Түркістан облыстары әкімінің кеңесшісі; 2019-2020 – ҚР Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры; 2020-2021 – «Интеллект Орда» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер интеграциясы Халықаралық институтының директоры; 2021 – «Шым қала» тарихи-мәдени кешеннің директоры; 2021-2022 – «Интеллект-Эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры.

500-ден астам жарияланымдарының авторы. 400-ден астам тарих бойынша ғылыми-көпшілік фильдердің ғылыми кеңесшісі.

Негізгі ғылыми еңбектері:Тарихшы Ермұхан Бекмаханов. Астана, 2005; Қазақстандағы XVIII-XX ғғ. басындағы халық – азаттық қозғалысының тарихы, теориясы мен тарихнамасының мәселелері. Алматы, 2007; История Казахстана (с древнейших времен до наших дней) в 5-ти томах. Тт. 4,5. Алматы, 2009-2010 (автор, гл. науч. ред., состав.); Наследие и могила Мирзы Мухаммеда Хайдара Дуглата в Индии. Алматы, 2011; Қазақстанның тарих ғылымы: қазіргі жағдайы және даму үрдістері. Алматы, 2013; Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы. Алматы, 2016; Sattar F. Mazhitov. Problems of Research of Islamic Literature of Kazakhstan // Scopus Journal «Islamic Quarterly». Vol. 62. Number 3, 2018. (SJR 0,110) және т.б.


 

Әбжанов Хангелді Махмұтұлы (1953 т.ж.;, директор – 2011–2017) – тарихшы, тарих ғылымдарының докторы (1992), профессор (2009), ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2013), ҚР ҰҒА академигі (2017), Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасы, көптеген медальдармен марапатталған. С.М. Киров ат. ҚазҰУ бітірген (1976). 1977–1979 – КСРО ҚазҰУ тарих кафедрасының оқытушысы; 1979–1993 – Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының қызметкері, еңбек жолын аға лаборантынан бөлім меңгерушісіне дейін жалғастырды; 1993–1999 – Абай ат. ҚазҰПУ тарихнама және деректану кафедрасының жетекшісі; 1999–2009 –Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ профессоры, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының директоры; 2009–2011 жж. – Мемлекет тарихы институты директор бірінші орынбасары; 2019 – қазіргі уақытқа дейін – Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, Қазақстан.

Негізгі ғылыми еңбектері: КСРО ғылымы мен техникасы. Хроника. – Москва, 1987, 1988; Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы бойынша оқу құралы. Алматы, 1992; Түркі әлеміндегі Қазақстан: іргелі тарих және методология. Петропавл, 2011; Тәуелсіз Қазақстан: жоғары білім, ғылым, саясат. Алматы: 2009 (соавтор); Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық. – Алматы, 2010 (соавтор); Қазақстанның қазіргі тарихы: жоғары оқу орындарының тарих емес мамандықтарының (бакалавриат) студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, 2010. (cоавтор); Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. Алматы, 2011 (соавтор); Қазақстан этностары: фотокітап. Алматы, 2013 (соавтор); Eski devirlerden günümüze Kazakistan ve kazaklar. Istanbul, 2007. (соавтор) және т.б.