Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні! 

    16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні! 

    Құрметті оқырмандар!  Сіздерді, Ш.Ш Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ыстық ықыласпен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.  Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен қуаттылығының белгісі болып саналады. Еліміздің еңсесі өркендей берсін. Шаңырағымыз шайқалмай, тұғырымыз биік болсын.  Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!

  • Методологиялық семинар: «Қазақ тарихын зерттеуде проблемалық тарихнаманы және компаративтік деректануды қолдану әдісі»

    Методологиялық семинар: «Қазақ тарихын зерттеуде проблемалық тарихнаманы және компаративтік деректануды қолдану әдісі»

    2022 жылғы 13 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсититуты «Қазақ тарихын зерттеуде проблемалық тарихнаманы және компаративтік деректануды қолдану әдісі» атты республикалық методологиялық семинар өткізді.  Семинарға қатысуға этнология, тарих, әлеуметтік және мәдени антропология және басқа да қоғамдық және гуманитарлық пәндер саласындағы ғылыми қызметкерлер – мамандар, магистранттар мен докторанттар шақырылып, ғалымдарымыз офлайн және онлайн форматта […]

  • ИНСТИТУТ ФИЛИАЛЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

    ИНСТИТУТ ФИЛИАЛЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

    2022 жылдың 8 желтоқсанында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 85 жылдығын мерекелеу барысында Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалының салтанатты ашылуы өтті. Филиалдың ашылу салтанатында Астана қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалының директоры, PhD докторы Махаббат Мәлікқызы Қозыбаева сөз сөйледі. Сонымен қатар, Астаналық филиалдың диреткоры, Петропавл қаласындағы […]

  • «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

    «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

    2022 жылғы 12 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – әріптестік қатынастарды орнату, өзара тиімді шарттарда тараптар арасында ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ақпараттық, білім беру және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде өзара қолдау көрсету. Меморандум мақсаттарына […]

  • ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Академик М.Қозыбаев» медалімен марапатталды. Ғылыми жетістіктеріңіз бен шығармашылық табыстарыңыз еселене берсін!

  • ҒАЛЫМНЫҢ 80-ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАП ӨТІЛДІ

    ҒАЛЫМНЫҢ 80-ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАП ӨТІЛДІ

    2022 жылғы 9 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ғылым Ордасының» Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып белгілі, тарихшы ғалым, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Қайдар Сейсембайұлы Алдажұмановтың туғанына 80 жыл толуына орай «ХХ ғасырдағы Отан тарихы: өзекті мәселелері және жаңа ұстанымдар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция жұмысына ҚР […]

  • Білікті маман – сұранысқа ие тұлға!

    Білікті маман – сұранысқа ие тұлға!

    Білікті де білімді тұлға болып қалыптасу уақыт пен жұмыс тәжірибесінде шыңдалатыны белгілі. Сонымен қатар білікті тұлғаның қалыптасуында қосымша ізденіс пен білімді толықтырудың да маңызы зор. Біліктілікті шыңдауды әрбір маман өздігімен оқып, ізденіп, шеберлігін шыңдаса, кейбір мекемелер өз қызметкерлерін өздері оқытып, заман талабы мен қызметінің сұранысына сәйкес жетілдіріп отырады. Осы мақсатта Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және […]

  • Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ МЕН МОНҒОЛИЯНЫҢ АҚТАН БАБИҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА АРАСЫНДА ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

    Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ МЕН МОНҒОЛИЯНЫҢ АҚТАН БАБИҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА АРАСЫНДА ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

    2022 жылғы 2 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты Монғолия Республикасы Баян-Өлгей аймағының Ақтан Бабиұлы ат. Орталық кітапханасымен меморандумға қол қойды. Институт ғалымдарымен кездесуге Орталық кітапхана директоры Алтынгүл Дәлелқызы, ақпарат және техника жөніндегі маман Батырбол Нұртайұлы, кітапханашылардан Бәтима Мусақызы мен Өміргүл Дәуейқызы сынды кітапхана қызметкерлері қатысты. Меморандум негізінде екі тарап бірлескен ғылыми жобалар […]

  • «Ишаналы Арабаев және қазақ-қырғыз зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қызметі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

    «Ишаналы Арабаев және қазақ-қырғыз зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қызметі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

    2022 жылғы 29 қарашада «Ғылым Ордасының» Орталық ғылыми кітапханасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қырғыз халқының ұлы ағартушысы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Ишаналы Арабаевтың 140 жылдығына арналған «Ишаналы Арабаев және қазақ-қырғыз зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қызметі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция жұмысына Қырғыз Республикасының ғалымдары: Қ. Дикамбаев атындағы Жоғарғы Дипломатиялық академияның проректоры, […]

  • Мемлекеттік кеңесші Е. Қарин Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдарымен Қазақстан тарихы бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі академиялық басылымының жазылу барысын талқылады

    Мемлекеттік кеңесші Е. Қарин Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдарымен Қазақстан тарихы бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі академиялық басылымының жазылу барысын талқылады

    2022 жылдың 28 қараша күні Ғылым ордасы ғимаратындағы Орталық ғылыми кітапханада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары және ҚР-ның Мемлекеттік кеңесшісі Е.Т. Қариннің қатысуымен «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы»  академиялық басылымын даярлау мен «Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихын» әзірлеу жұмыстары аясында  ғылыми отырыс өтті. Мемлекеттік кеңесші Е.Т. Қариннің төрағалығымен өткен […]