Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • Апталық шолу: 01-07.06.2015

    Апталық шолу: 01-07.06.2015

    03.06.15. Жапониядан Қытайға әкелінген «Монғолдың жер-су картасын» (Мэнгу Шаньшуй диту) Пекин университеті Археология және мұражайтану институтының профессоры Линь Мэйцуньнің институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановқа тарту еткен тұсаукесер рәсімі өтті. 04.06.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Хабар телеарнасына «Ұлы Отан соғысындағы атты әскердің рөлі» тақырыбында сұхбат берді. 04.06.15. […]

  • Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

    Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

    2015 ж. 5 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоратының Мәжіліс залында «Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл айтулы іс-шараға шетелден тарихшы-ғалымдар, отандық тарихшылар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен біздің институттың ғылыми қызметкерлері, Алматы қ. әкімінің орынбасары З. Аманжолова, ҚР Мәжіліс депутаты […]

  • «Монғолдың жер-су картасының» тұсаукесері өтті

    «Монғолдың жер-су картасының» тұсаукесері өтті

    2015 ж. 3 маусымда институтта өткен тұсаукесерде Пекин университеті Археология және Мұражайтану институтының профессоры Линь Мэйцунь (Lin Meicun) 2002 жылы Жапониядан Қытайға әкелінген «Монғолдың жер-су картаны» (Мэнгу Шаньшуй диту) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорына тарту етті. Жиын барысында институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов картаны табыстаған қытай ғалымының […]

  • Апталық шолу: 25 – 31.05.15

    Апталық шолу: 25 – 31.05.15

    26.05.15. Институтта «Тәуелсіздік заманындағы қазақ ауылы: этносоциологиялық зерттеулердің әдістемесі» тақырыбында кезекті методологиялық семинар өтті. 27.05.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «1920-1930-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және Алаш азаматтары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «1930 жылдардағы ашаршылық және саяси қуғын-сүргін тарихымыздың ең қасіретті кезеңі» тақырыбында баяндама оқыды. 27.05.15. […]

  • Апталық шолу: 18 – 24.05.15

    Апталық шолу: 18 – 24.05.15

    18.05.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Радиоточкаға» «Қазақтың жасөспірімдерді тәрбиелеу дәстүрі» тақырыбы аясында сұхбат берді. 19.05.15. Институт пен «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы бірлесе ұйымдастырған Иса Тергеусізовке арналған «Жетісудағы алаш қозғалысы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. 19-21.05.15. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да (Түркістан қ.) өткен «Қазақ мемлекеттілігіндегі Қазақ хандығының орны» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда […]

  • БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында  Жапонияда табылған  «Монғолдың жер-су картасының» (Мэнгу Шаньшуй диту)  тұсаукесері өтеді.   Өткізілу орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 үй, Ғылым Ордаcы: Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, 205 бөлме. Өткізілу уақыты:  03 маусым,  2015 ж. сағат: 11.00 Байланыс телефондары:   2616719; 2611635; 2724654.   Пекин университеті Археология және […]

  • Апталық шолу: 11-17.05.2015

    Апталық шолу: 11-17.05.2015

    11.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «КТК» телеарнасына «Біздің Жеңіс» атты тақырыпта сұхбат берді. 12.05.15. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. А.С. Уалтаева Қазақстан Инженерлік-Технологиялық университетінде өткен «Өнеркәсіптегі инновациялық технологиялар және АӨК» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады. 14.05.15. «Казахстанская правда» газетінде (14 мамыр, 2015 ж.) Этнология және антропология […]

  • Методологиялық семинар

    Методологиялық семинар

    2015 жылы 26 мамыр күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Тәуелсіздік заманындағы қазақ ауылы: этносоциологиялық зерттеулердің әдістемесі» атты кезекті методологиялық семинар өтті. Семинар жұмысында модератор міндетін атқарған Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаеваның кіріспе сөзімен ашылды. Баяндамашы Этнология және антропология бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. А.Т. Абдулина тақырып бойынша келесі мәселелерді […]

  • Дөңгелек үстел өтті

    Дөңгелек үстел өтті

    Институтта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2015 ж. 20 мамыр күні жариялаған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бағдарламасын насихаттау мақсатында «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ» атты дөңгелек үстел өтті. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов аталмыш құжаттың мәні, […]

  • Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбек дүниеден озды

    Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбек дүниеден озды

    Отандық тарих ғылымы ауыр қайғыға ұшырады. 2015 жылдың 20 мамырында 87 жасқа қараған шағында Қазақстанның көрнекті ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбек дүниеден озды. М.Х. Асылбек 1928 жылғы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Шардара селосында дүниеге келген.1945 жылы […]