-
Ғылымға қосқан үлесі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры Алдажұманов Қ.С. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды
2022 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Жұрыновтың Жарлығымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ардагері, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының бас маманы, бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлына «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының профессоры» атағы берілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы президентінің 2022 жылғы 7 қазандағы шешімімен […]
-
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОҚУ-АҒАРТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институтында 2022 жылғы 29 қыркүйекте «1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесі: тарихы мен тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онлайн форматта өткен дөңгелек үстелді Институт «ХХ ғ. 20-30 жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі» атты гранттық жобасы аясында ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары […]
-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты РҒА Уфа федералдық ғылыми-зерттеу орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
2022 жылдың 10 қазанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ресей Ғылым академиясының Уфа федералдық ғылыми-зерттеу орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтымен (Уфа, Башқұртстан Республикасы, Ресей Федерациясы) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінгі басқосуға Тарих, тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты И.И. Буляков, жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының […]
-
«С.Сәдуақасұлының қызметі және Қазақстан мен Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігі: тарих және қазіргі заман» атты ғылыми-теориялық республикалық конференциясы
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2022 жылдың 6 қазанында ЖТН АР09261139 «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі (жаңа архив және жазба деректер негізінде)» ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру аясында «С. Сәдуақасұлының қызметі және Қазақстан мен Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігі: тарих және қазіргі заман» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференцияның мақсаты – Мемлекет […]
-
«ХХ ғасырдың 30 жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» атты БНҚ ғылыми жобасының орындаушысы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Самат Жұматайұлының РФ Астрахан қаласындағы іс-сапары нәтижесі
26.09.2022-09.10.2022 аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Самат Жұматайұлы РФ Астрахан қаласындағы архив, кітапхана, музейлеріне (ГААО, АОНБ им. Н.К.Крупской, Астраханский государственный объединенный историко-архитектурный музей-заповедник) ғылыми іс-сапар жасады. Іс-сапар кезеңінде ГААО-де жоба тақырыбы бойынша тізімдемелер мен көптеген істер зерделенді, сканерлеуге және қолжетімді материалдардың көшірмелеріне тапсырыс берілді. Қазақстан тарихына қатысты естелік мекен-жайлар және […]
-
ҚР ҰҒА академигі Б.А. Төлепбаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды
2022 жылғы 6 қазанда ҚР ҰҒА академигі, қазақ-кеңес тарихшысы және партия қайраткері Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың құрметіне Д. Қонаев және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы ғалымның өзі ұзақ жылдар бойы тұрған үйдің қасбетіне мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды. Игі шараға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, Президиум мүшесі, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов […]
-
ЮНЕСКО А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуде
2022 жылғы 4 қазанда ҚР ҰҒА ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА Төралқасының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов, көрнекті мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткер, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының Парижде өткен 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ауқымды конференция Париж қаласында (Франция), ЮНЕСКО-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі […]
-
«Жұмабай Шаяхметов және Қазақстанның 1940-1960 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2022 жылғы 30 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР ҒЖБМ гранты бойынша «Көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметовтің өмірі мен қызметінің белгісіз беттері» жобасын жүзеге асыру аясында «Жұмабай Шаяхметов және Қазақстанның 1940-1960 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар (барлығы 40-тан астам адам) қатысты. Отырыста […]
-
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция
2022 жылғы 29 қыркүйекте «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» мемлекеттік тапсырма мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде ҚР ҒжЖБ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің негізгі нәтижелері»» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. […]
-
«Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық 7 томдығына арналған панелдік сессия
2022 жылғы 25 тамызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Ғылым және жоғары білім форумы» шеңберінде «Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық 7 томдығына арналған панелдік сессия өтті. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің басшылығымен ұйымдастырылған 2 күндік «Ғылым және жоғары білім форумы» шеңберінде өткізілген «Ежелгі дәуірден бүгінге […]