Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: ОТАРЛЫҚ ДӘУІРДІҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ


  • АСФЕНДИАРОВ САНЖАР СЕЙІТЖАФАРҰЛЫ

    АСФЕНДИАРОВ САНЖАР СЕЙІТЖАФАРҰЛЫ

    Асфендиаров Санжар Сейітжафарұлы (20 қазан 1889 – 25 ақпан 1938) – ірі қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ғалым, тарихшы-шығыстанушы, Қазақстанның жоғарғы білім жүйесін және академиялық ғылымын ұйымдастырушы, қазақтың алғашқы жоғары білімді әскери дәрігерлерінің бірі, қазақтың тұңғыш профессоры, Қазақстандағы тарих ғылымының негізін қалаушылардың бірі, «Қазақстан тарихы» атты кешенді ғылыми еңбектің авторы, Мұсбюроның құрамында Түркістан республикасының саяси егемендігі […]

  • МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ

    МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ

    Міржақып Дулатұлы (1885 ж. 25 қараша – 1935 ж. 5 қазан ) – қазақ ағартушысы, ақын, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі. Өмірбаяны Міржақып Дулатұлы (1885-1935) – қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі. Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 […]

  • АМАНКЕЛДІ ИМАНОВ

    АМАНКЕЛДІ ИМАНОВ

    АманкелдіҮдербайұлыИманов (1873 жыл 3 сәуір – 1919 жыл 18 мамыр) – Ресей империясының отарлау саясатына қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті жетекшісі. 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысының қатысушысы. Өмірбаяны Аманкелді Иманов 1873 жылы Торғай ауданы, Қайдақұл болысының №3 ауылында (қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы) дүниеге келген. Әкесі ұзын-қыпшақ руынан шыққан Үдербай Иманов пен анасы Қалампыр күнделікті егіншілікпен, аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан. Оның атасы Иман Дулатұлы Кенесары хан бастаған көтеріліске қатысқан атақты батыр және қолбасшы болған. Аманкелді әкесінен 8 жасында айырылып, жетім болып өсті. 1887 жылы құрғақшылық кезде, Аманкелді көптеген кедей адамдар секілді, тек ауыр жұмыстардың арқасында күн көре білді. Аманкелді мен оның […]

  • БІРІМЖАНОВ АХМЕТ ҚОРҒАНБЕКҰЛЫ

    БІРІМЖАНОВ АХМЕТ ҚОРҒАНБЕКҰЛЫ

    Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы (7 желтоқсан 1871 – 5 қаңтар 1927) – қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, I, II Мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер. Өмірбаяны 1871 жылы 7 желтоқсанда Торғай уезі Тосын болысының № 1 ауылында (қазіргі Жангелді ауданы) дүниеге келген. Ахметтің ата-бабалары қазақ шежіресі бойынша Айнакөз анадан тараған Тәнбісұлы ұрпақтары Шақшақ пен Сарыжетім – «Кіші арғыннан» тараған [1]. […]

  • АБАЙ (ИБРАГИМ) ҚҰНАНБАЕВ

    АБАЙ (ИБРАГИМ) ҚҰНАНБАЕВ

    Абай (Ибрагим) Құнанбаев(29 шілде (10 тамыз) 1845 – 23 маусым (6 шілде) 1904)– қазақтың ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, әлем әдебиетінің классигі, аудармашы, сазгер, ойшыл, қоғам қайраткері, ағартушы. Өмірбаяны Ру билеушісі, Қарқаралы округінің аға сұлтаны және ірі байы Құнанбай Өскембаевтың ұлы Ибрагим (Ибраһим – шығу тегі араб сөзі, библиядағы Авраам пайғамбардың атынан туындаған) 29 шілде (ескі санау стилі […]

  • КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ

    КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ

    Кенесары Қасымұлы (1837-1847) – көрнекті мемлекет қайраткері, жалпы қазақ ханы (1841-1847 жж.). Ақсүйек, Жошы ханның ұрпағы.  Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күрестің жетекшілік етіп, Қоқан хандығына қарсы соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақ халқы мен ресейлік әскери тұлғалар арасында үлкен беделге ие болды. Өмірбаяны 1837 жылы Кенесары Қасымұлының басшылығымен Ресей империясына қарсы ірі ұлт азаттық қозғалыс басталды. Көтеріліске қатысушылардың дені […]

  • ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ

    ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ

    Шоқан (Мұхаммед Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 жылғы қараша – 1865 жылдың 10 сәуірі) – көрнекті этнограф және географ, саяхатшы, фольклорист және ағартушы-демократ Өмірбаяны Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қарашада Аманқарағай ауданының Құсмұрын ауылында (қазіргі Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Күнтимес ауылы) аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың (1811–1895) отбасында дүниеге келді. Оған Мұхаммед Ханафия деп  мұсылманша азан шақырып ат […]

  • БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ

    БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ

    Біржан Сал Қожағұлұлы (1834-1897) – күміс көмей әнші, композитор, ақындығы мен серілігі жарасқан тұлға. Өмірбаяны Біржан сал Қожағұлұлы 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) облысы маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржан сал Орта жүздің Керей тайпасы Ақсары руынан шыққан. Біржанның ескі ата-қонысы Обаған деген жерде болған. Атасы Қожағұл немересі Біржанды жастайынан бауырына басқандықтан ерке өседі. […]

  • ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ

    ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ

    Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) –қазақтың классик күйші-композиторы, күрескер,  батыр ұлы. Өмірбаяны Күй атасы Құрманғазы Сағырбаев қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы (бұрынғы Гурьев обл. Теңіз ауданы) Жиделі деген жерде кедей жалшы Сағырбай мен Алқа ананың отбасында дүниеге келген. Бұрынғы КСРО-ның Астрахан облысына қарасты «Шайтан батаға» деген жерінде қайтыс болып, Алтын жар деген жерге жерленеді. Құрманғазы Сағырбаев қазақтың […]

  • ТӘТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫ

    ТӘТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫ

    Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 (1817) – 1859 (1860)) – классикалық домбыра музыкасының негізін салушылардың бірі, ХІХ ғасырдағы көрнекті композитор, «шертпе» күйдің авторы әрі орындаушысы, болыс билеушісі, қоғам қайраткері және дипломат. Өмірбаяны ХІХ ғасыр қазақ қоғамы үшін жаңа тарихтың күрделі және өзгермелі кезеңдерінің бірі болды. Кіші, Орта және Ұлы жүз аумағының Ресей империясына қосылу процесі аяқталды. Ресей үкіметі 1820-шы, 1860-шы, […]