Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Рубрика: ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ЖӘНЕ ТҮРКІ ҚАҒАНАТТАРЫ КЕЗЕҢІНІҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ


  • БИЛЬГЕ-КАГАН

    БИЛЬГЕ-КАГАН

    Білге қаған (қытай деректері бойынша – Могилян) (684–734)Шығыс (Екінші) Түрік қағанатының үшінші қағаны. Оның негізін қалаған Елтеріс қағанның ұлы. Ағасы Қапаған қаған билігі тұсында бірнеше соғыстарға қатысқан, қағанатқа бағынышты тардуштарға (698 ж.) шад (билеуші) болған. Қапаған қаған дүниеден өткен соң оның ұлдарын ағайынды Білге мен Күлтегін өлтіріп, «заң бойынша» ағалы-інілілердің үлкені Білге қағанды сайлайды (716…

  • КҮЛТЕГІН

    КҮЛТЕГІН

    Күлтегін (684-731) – Екінші түрік қағанатына Қапаған қаған және Білге қағандар  билік еткен дәуірде жасаған батыр қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері. Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Арғы тегі көк түріктің Ашина әулеті. Өмірбаяны Күлтегін Екінші түрік қағанатының іргесін қалаушы әйгілі Құтылық қағанның (Елтерiс қаған) екiншi ұлы, Білге қағанның туған iнiсi. Екінші түрік…

  • ТОНЫКӨК

    ТОНЫКӨК

    Тоныкөк(650–716) – II Түрік қағанатының әскери және мемлекеттік қайраткері (682–745), bilgä «білімді, дана» атағына ие болған. Ол шамамен 650 ж. дүниеге келіп, 716 ж. [1, c. 69], [2, c. 921]. қайтыс болды. Қайта қалпына келтірілген түрік қағанатында, Тоныкөк осы мемлекеттің алғашқы үш қағанының кеңесшісі болды (Құтлұқ Елтеріс қаған (682–693), Қапаған Мочур қаған (683–716), Білге қаған (716–734)) [3]. Өмірбаяны Тоныкөк Құтлық Елтеріс-қаған билігі кезеңінде (682 – 693). VI…

  • ҚАПАҒАН ҚАҒАН

    ҚАПАҒАН ҚАҒАН

    Қапаған қаған (Бөгішор,Мочур, Мочжо) (туған жылы белгісіз-716) – Екінші Шығыс түрік қағанатының қағаны. Өмірбаяны Бүгінгі түркітілдес мемлекеттер мен оларды мекендейтін халықтардың қалыптасу үдерістерінің терең тамыры ежелгі түркілер заманындағы қағанаттардан бастау алатыны белгілі. Солардың бірі және бірегейі Екінші түрік қағанаты деп аталатын 683-745 жылдар аралығында – өмір сүрген көшпелілердің аса қуатты империясы. Кезінде бұл мемлекет іргеміздегі…

  • ҚҰТЫЛЫҚ

    ҚҰТЫЛЫҚ

    Білге Құтылық, Елтеріс Білге қаған(т. ж. б. – 691 ж.) – Екінші Шығыс Түрік қағанатының (682-744) негізін қалаған ұлы қағаны, аса көрнекті қолбасшы. Өз есімі Құтылық. Елтеріс Білге – Қағандық атағы. Бірінші Шығыс Түрік қағанатының соңғы қағаны Ілік қағанның (Іл қаған) жақын туысқандарының бірінен тараған ақсүйек хан тұқымы. Аталары 630 ж. кейін Қазіргі ҚХР Ішкі моңғол автономиялы…

  • МҰҚАН ҚАҒАН

    МҰҚАН ҚАҒАН

    Мұқан каған (туған жылы белгісіз– 572) – түркі елінің негізін қалаушы Бумын қағанның екінші ұлы. Түрік қағанатының 553–572 жылдардағы аса көрнекті билеушілірінің бірі әрі мемлекетті ұлы империяға айналдырған қаған әрі даңқты қолбасшы. Өмірбаяны Қытай жылнамаларында Мұқан қаған туралы: «Ол қатаң, қатал, ержүрек және ақылы асқан билеуші, көбіне соғыспен айналысқан. Корей шығанағының шығысынан бастап батыс теңізіне дейін 10000…

  • БУМЫН ҚАҒАН

    БУМЫН ҚАҒАН

    Бумын қаған (туған жылы белгісіз – 552ж.) – бірінші түркі қағаны, Түркі қағанатының негізін салушы. Өмірбаяны Бумын қағанды кейбір дереккөздер «Ел қаған» («Ильхан») деп те атайды. Бұл бірінші түркі қағаны Бумын Ильхан лауазымын 552 ж. соңында алғанымен байланысты.   «Төбеде – Көк аспан, төменде – бұраң жер алғаш рет пайда болған сәтте, олардың екеуінің ортасында адамзат ұрпағы…

  • ТОМИРИС

    ТОМИРИС

    Томирис (б.з.б. VI ғ.) – Геродоттың «Тарихтар» деп аталатын еңбегінің арқасында танылған сақ-массагеттердің атақты патшайымы. Томирис патшайымның ахеменидтердің патшасы Кирді жазалау тарихы сот төрелігінің символына айналды. Өмірбаяны Массагеттердің патшайымы Томиристің өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер, өкінішке орай, Томиристің Кирге қарсы соғысқаны туралы ақпарат берілген Геродоттың «скиф әңгімелерінен» бастап, Страбон, Полиэн, Кассиодор және Иордан шығармаларымен аяқталатын…

  • АНАҚАРЫС

    АНАҚАРЫС

    Анақарыс (б.з.б. VII-VI ғғ.) өмір сүрген, Грекияға жасаған саяхаты кезінде өшпес даңққа бөленген сақ даласының ғұламасы. Өмірбаяны «Тарихты жеңімпаз ұлттар жазады» деген ұғым бар. Тарих – өткенмен үндесетін, бүгінге сабақ, келер ұрпаққа аманат болатын құнды ұғым. Халқымыздың өткен тарихының терең, түбінің мазмұнды болуы сол тарихтан сыр шертеді. Дүниенің төрт бұрышында кешегі көк түріктер күшті тегеурінді…

  • АТТИЛА

    АТТИЛА

    Аттила (Attila) (шам. 395 ж. туылған – 453 ж. қайтыс болған) – ғұндардың патшасы, Ғұн державасының императоры, қолбасшы (билік еткен жылдары 434-453 жж.). Оны I мыңжылдықтың ірі тұлғасы деп санауға толық негіз бар. Өмірбаяны Аттила (шам. 395 ж. туылған – 453 ж. қайтыс болған), билік еткен уақыты 434 ж. бастап 453 ж. дейін. Грек және рим деректері Аттиланың бірнеше ұрпақ бойы…