Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: АЛТЫН ОРДА МЕН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ


  • ЖАЛАҢТӨС

    ЖАЛАҢТӨС

    Жалаңтөс (Әбдікәрім) батыр Сейтқұлұлы (Байқожаұлы), Ялантуш баһадүр (15 қыркүйек 1576 – 1656) – мемлекет қайраткері, қолбасшы, батыр, би. Кіші жүздің әйгілі биі Әйтекенің арғы атасы. Өмірбаяны Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық тарихында көрші, бауырлас халықтарды біріктіретін тағдырлары қызықты да күрделі тарихи тұлғалар баршылық. Сөз жоқ, солардың бірі және бірегейі – Жалаңтөс баһадүр. Ол туралы кезінде […]

  • ЕСІМ ХАН

    Есім хан – (т.ж.б. – 1645) – Қазақ хандығының ханы және аса көрнекті қайраткері, Шығайдың ұлы. Өмірбаяны Есімнің жастық шағы туралы nарихи деректер кездеспейді. Ағасы Тәуекел хан билікте болғанда әскери жорықтарға қатысып, Самарқандқа дейінгі жерлерді  жаулады. 1598 жылы ағасы қайтыс болған соң Қазақ хандығының ханы болды. Келесі жылы Бұқар хандығымен бейбіт келісім жүргізіп, Қазақ хандығына Тәшкентті және оған […]

  • ЖӘНІБЕК ХАН

    ЖӘНІБЕК ХАН

    Жәнібек хан (XV ғ. басы – екінші жартысында өмір сүрген – Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі, хандықтың құрылуын соңына дейін жеткізген және Керей ханнан кейінгі қазақтың екінші ханы. Өмірбаяны Қазақ халқының тарихи санасында есімі аса құрметпен айтылатын хандардың бірі — Жәнібек хан. Қазақ еліне көршілес  жатқан елдердің тарихшылары  кейінгі ортағасырлардың алғашқы кезеңінде  ол туралы үзік-үзік, үстіртін […]

  • ОРЫС (ҰРЫС) ХАН

    ОРЫС (ҰРЫС) ХАН

    Орыс (Ұрыс) хан (1361-1377–1374-1375) – Алтын Орданың билеушісі, қазақ хандары әулетінің атасы. Өмірбаяны Орыс хан қазақ хандары әулетінің негізін салушы және Ақ Орданың даңқты билеушісі ретінде белгілі. Орыс хан араб-мұсылман деректерінде Мухаммед атымен белгілі. Ортағасырлық деректерде «(7)76 (12.VI.1374–1.VI.1375» жылдары бұл хандықты (Ақ Орда – авт.) Урус атты адам бастады. Айбек ханды тақтан тайдырған сол еді. Оның аты […]

  • ӨЗБЕК ХАН

    ӨЗБЕК ХАН

    Өзбек хан (1283-1341/42) –1312/13-1341/42 жылдары аралығындағы Алтын Орда мемлекетінің билеушісі. Өзбек хан тұсында ислам діні Алтын Орданың ресми діні ретінде жарияланған. Профессор, ҚР ҰҒА Құрметті мүшесі Т. Омарбековтың деректер негізінде салған портреті. Өмірбаяны Өзбек (мұсылмандық атауы – Султан Гийас ад-Дин Мухаммед) Алтын Орданың атақты билеушілерінің бірі. Өзбек хан – Тоқты ханның інісі және Меңгу-Темірдің немересі болып табылады. […]

  • БЕЙБАРЫС СУЛТАН

    БЕЙБАРЫС СУЛТАН

    Бейбарыс (шамамен 1217/18–1277) -әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дін Бейбарыс I әл-Бұндуқтари әс-Салих, мәмлүктер (түркі және кавказ текті тұтқындар, ислам дінін қабылдап, сарай әскерінде қызмет еткен мысырлық әскердің негізгі қаймағы) арасынан шығып, Мысырды билеген (1260–1277) түркі тектес сұлтан, ортағасырлық Мысырдың аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Өмірбаяны Бейбарыстың Сирия мен Мысырдағы саяси ғұмыры туралы деректер жеткілікті болғанмен, оның […]

  • ЖОШЫ ХАН

    ЖОШЫ ХАН

    Жошы хан (1179-1225) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, қыпшақ елінің билеушісі, Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы, қазақ хандары мен сұлтандарының арғы бабасы. Өмірбаяны Жошы хан бейнесі халқымыздың тарихи жадында Қыпшақ елінің билеушісі, қазақ хандары мен сұлтандарының арғы бабасы ретінде сақталып, үлкен ілтипат, құрметпен аталады. Бүгінгі күнге дейін  Жошы есімі аталғанда, Ұлы даланың қаһарманы, әке мен […]

  • ТҰҒЫРЫЛХАН

    ТҰҒЫРЫЛХАН

    Тұғырылхан (1130-1204) – VII-ші ғасырда негізі қаланған Керей мемлекетінің XII-ші ғасырдағы атақты билеуші ханы. Темужиннің анда  (өкіл) әкесі, әрі әскери өнерге баулыған алғашқы ұстазы. Өмірбаяны Тұғырылхан (1130-1204) VII-ші ғасырда негізі қаланған Керей мемлекетінің XII-ші ғасырдағы атақты билеуші ханы. Ол керей елінің ханы Мархұздың үлкен ұлы Құршақұз Бұйрық ханының ұлы. Шыңғыс хан етіп алтын таққа отырғызушы [1]. Тұғырыл хан 1130 […]

  • ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ

    ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ

    Қожа Ахмет Хазрети Сұлтан Ясауи (1093-1166) – ойшыл, ақын-мистик және діни уағыздаушы, Суфизм түрікі бұтағы негізін салушы. Сайрам (Исфиджаб) қаласында дүниеге келген, Яссы қаласында өмірден қайтқан. Өмірбаяны Ахмет Ясауи Испиджабдта (қазіргі Түрікістан облысы Сайрам қаласында) дүниеге келген, жарқын отбасында тәрбиеленді. Әкесі Ахмет Ибрагим алға шыққан білімді адам болған. Аңыз бойынша Арыстан баб бірінші мұғалімі және тәрбиешісі болған. Ол қайтыс […]

  • МАХМҰД ӘЛ-ҚАШҚАРИ

    МАХМҰД ӘЛ-ҚАШҚАРИ

    Махмұд аль-Қашқари (1029/1038–1101) – көрнекті ғалым, XI ғасырдың ойшылы, алғашқы энциклопедиялық  «Диуани Лұғат ат-Түрк» түркі диалектілерінің сөздігі басылымның авторы. Негізінен қазіргі Қазақстанның Ертістен Сырдарияға дейінгі аумағы болған Түркістан аймағын мекендеген түркітілдес тайпалар арасында қолданылатын сөздерді, тілдерді салыстырмалы талдау негізінде дайындаған еңбегі. Өмірбаяны Махмұд аль-Қашқари Қашғар қаласында туылған, бірақ оның әкесі мен байланысты болған Барсхан қаласында да болды. […]