Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жаңалықтар


  • «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмаділ Арман Қабдешұлы – «Құрмет» орденімен марапатталды. Құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен ғылыми жетістіктер тілейміз!

  • МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНА КЕЛДІ

    МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНА КЕЛДІ

    2022 жылғы 24 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді. Кездесу барысында Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов Министрді институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, ҒЗИ ғалымдарының бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу жобаларының іске асырылуы туралы баяндады. Министр […]

  • Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайымен меморандумға қол қойылды

    Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайымен меморандумға қол қойылды

    2022 жылғы 21 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі басшысы С.К. Байновамен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  Долинка ауылындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі 2002 жылы […]

  • ҚР Президенттігіне үміткер Қ.-Ж.К. Тоқаевты қолдау үгіт-насихат шарасы өтті

    ҚР Президенттігіне үміткер Қ.-Ж.К. Тоқаевты қолдау үгіт-насихат шарасы өтті

    2022 ж. 18 қарашада «Ғылым ордасы» ғимаратында орналасқан ҚР Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі қоғамдық штаб өкілдерімен үгіт-насихат шарасын ұйымдастырды. Шара Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасында өтті. Басқосуға жиылған зиялы қауым өкілдері Президенттің отандық ғылымды дамытудағы жаңа реформалары мен бағыттарын […]

  • Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен келісім-шартқа қол қойылды

    Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен келісім-шартқа қол қойылды

    2022 жылғы 15 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Назарбаев орталығы өкілдерімен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды. Ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарт аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов, алуан түрлі мәдениеттер мен […]

  • «Д.А. Қонаевтың өмірі мен шығармашылығы. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени дамуындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

    «Д.А. Қонаевтың өмірі мен шығармашылығы. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени дамуындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

    2022 жылғы 8 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Д.А. Қонаевтың өмірі мен шығармашылығы. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени дамуындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ғылыми жиынға белгілі тарихшылар, орталық республикалық архивтер мен музей мекемелерінің басшылары, қоғам қайраткерлері, сонымен бірге көрнекті тұлға Д.А.Қонаевтың жақын туыстары қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Д.А. Қонаев басқарған кездегі […]

  • «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның салдары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция қорытындысы

    «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның салдары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция қорытындысы

    2022 жылғы 6 қазанда ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы  ашаршылық және оның салдарлары: зерттеудің жаңа дереккөздері, мәселелері мен болашағы» тақырыбында республикакалық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласында: «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан […]

  • Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды

    Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды

    2022 жылдың 3 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында директор З.Е. Қабылдинов бастаған институт басшылығы мен Е.С. Ақшабаев бастаған Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының облыстағы тіл саясатына жетекшілік ететін өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында екі тарап арасында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды. Басқарманың негізгі мақсаты өңірдегі тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге […]

  • «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық саяси-құқықтық ақтаудың ғылыми-әдістемелік негіздері: қуғын-сүргін құрбандарының жаңа санаттары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

    «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық саяси-құқықтық ақтаудың ғылыми-әдістемелік негіздері: қуғын-сүргін құрбандарының жаңа санаттары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

    2022 жылғы 1 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін қолдау мақсатындағы жобалық кеңсесі бірлесіп, «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық саяси-құқықтық ақтаудың ғылыми-әдістемелік негіздері: қуғын-сүргін құрбандарының жаңа санаттары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелер талқыланды: 1) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін мәселелерінің […]

  • «Түркі қағанаты тарихының соңғы жаңалықтары мен кейбір мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясы

    «Түркі қағанаты тарихының соңғы жаңалықтары мен кейбір мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясы

    2022 жылғы 26 қазанда Халықаралық Түркі академиясы көрнекті ғалымдар мен белгілі зерттеушілердің қатысуымен «Түркі қағанаты тарихының ең жаңа олжалары мен кейбір мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Моңғолиядан келген тарихшылар, шығыстанушылар, түркологтар қатысты. ХҒПК Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы жобасы бойынша іске асырылатын «Түркі […]

  • Іс-сапар қорытындысы: Самат Жұматайұлы, РФ Новосибирск

    Іс-сапар қорытындысы: Самат Жұматайұлы, РФ Новосибирск

    20.10.2022-29.10.2022жж. аралығында «ХХ ғасырдың 30 жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» атты БНҚ ғылыми жобасының орындаушысы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Самат Жұматайұлы РФ Новосибирск қаласына (архив, кітапхана, музейлеріне) ғылыми іс-сапар жұмысын жүзеге асырды. Ғылыми іс-сапар кезеңінде Новосібір облысының мемлекеттік архивінде жоба тақырыбы бойынша […]

  • Институттың жас ғалымдары ТМД елдерінің жас тарихшы-ғалымдарына арналған Халықаралық жазғы мектепке қатысты

    Институттың жас ғалымдары ТМД елдерінің жас тарихшы-ғалымдарына арналған Халықаралық жазғы мектепке қатысты

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері Аман Күнекеев және Нұрлыбек Досымбетов Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 2022 жылдың 17-23 қазан аралығында «СССР в 1922-1991 гг.: культурные трансформации в историческом контексте» атты ТМД елдерінің жас тарихшы-ғалымдарына арналған Халықаралық жазғы мектепке қатысты. Бір аптаға созылған ғылыми іс-шарада Ресей Ғылым Академиясының Жалпы тарих институтының, Ресей тарихы […]