Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, class '' not found in /var/www/iie/data/www/iie.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Жаңалықтар – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жаңалықтар


  • САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНАН МҰРАҒАТТЫҚ ҚҰЖАТТАР ҚАРАЛДЫ

    САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНАН МҰРАҒАТТЫҚ ҚҰЖАТТАР ҚАРАЛДЫ

    Мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесінің басшысы С.А. Қасымов саяси қуғын-сүргінге қатысты тың деректерді жинақтау мақсатында аудандық архивтерде іссапарда жүр. 2023 ж. 5 мамыр күні Ақмола облысы Сандықтау аудандық архивінде саяси қуғын-сүргін жылдарынан сыр шертетін құжаттарды қарауда. Архив қорлары мен аудандық комиссиялардың материалдарын зерделеуде. Ауылдық, аудандық округтар берген тізім арқылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған байлар, кулактар, орташалар, дін […]

  • «ХАСАН ОРАЛТАЙ ЖӘНЕ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

    «ХАСАН ОРАЛТАЙ ЖӘНЕ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында мамырдың 4 күні 2023 жылы Хасан Оралтайдың туғанына 90 жыл толуына орай «Хасан Оралтай және ел тәуелсіздігі үшін қызмет етудің құндылығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, халықаралық журналист, ұлтшыл тұлға, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын самұрық» сыйлығының иегері Хасан Оралтайдың 90 […]

  • М. Фуконың үкімет (governmentality) теориясын бірінші Қазақcтан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың (1950 жылдардың аяғы – 1986ж. желтоқсан) қызметін зерттеуде қолдану әдістері

    М. Фуконың үкімет (governmentality) теориясын бірінші Қазақcтан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың (1950 жылдардың аяғы – 1986ж. желтоқсан) қызметін зерттеуде қолдану әдістері

    Методология грек тілінен аударғанда metodos – таным жолы, logos – ілім деген мағынаны білдіреді. Тарих методологиясына келетін болсақ, ол адамзаттың өткенін зерттеп білуде пайдаланылатын таным жолы. Тарих методологиясын зерттеу бағытында өзіндік зерттеулерімен ерекшеленетін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Оразгүл Хасенқызы Мұхатованың жетекшілігімен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында методологиялық семинарлар […]

  • ПОЛЬША МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ 1791 ЖЫЛҒЫ 3 МАМЫР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ РӨЛІ ПІКІРСАЙЫСТАРЫ

    ПОЛЬША МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ 1791 ЖЫЛҒЫ 3 МАМЫР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ РӨЛІ ПІКІРСАЙЫСТАРЫ

    2023 жылғы 3 мамырда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «1791 жылғы 3 мамырдағы Польша мен Қазақстандағы жүйелі өзгерістер процестері үшін Конституцияның рөлі мен маңызы» тақырыбында конференция түрінде Халықаралық ғылыми пікірталастар ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов атап өткендей, 1791 жылғы 3 мамырда Речь Посполита мемлекетінде қабылданған Еуропадағы алғашқы прогрессивті Конституцияға назар […]

  • Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕСКЕРТКІШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

    Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕСКЕРТКІШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

    2023 жылдың 27 сәуірі күні ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ресми 2022 ж. 27 қыркүйек айында құрылған «Қазақ ескерткіштануы бойынша ғылыми-зерттеу орталығының» салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Орталықтың құрылуы қазіргі Қазақстан үшін ескерткіштанудың өзекті ғылыми-тәжірибелік бағытының маңызды рөлін көрсетеді; академиялық ғалымдардың – этноархеологтар, этнологтар және т.б. далалық зерттеу жұмыстары саласында, ғылыми тұжырымдамалары […]

  • АСТАНАДА ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

    АСТАНАДА ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

    2023 жылдың 12 сәуірінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының және оның Астана қ. филиалының ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиналысқа қатысты. Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР ҰҒА академиктері, ғылым ардагерлері, жоғары оқу орындары мен […]

  • «АТА-БЕЙІТ» ҚЫРҒЫЗ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

    «АТА-БЕЙІТ» ҚЫРҒЫЗ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

    2023 жылдың 26 сәуірінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Ата-бейіт» мемориалдық кешенінің (Қырғыз Республикасы) қызметкерлерімен, сондай-ақ Ишаналы Арабаева атындағы ҚМУ 1,2,3,4 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесу аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және «Ата-бейіт» мемориалдық кешені арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлескен жобалармен жұмыстарды жүзеге асыра отырып, одан әрі […]

  • «XVIII–ХХ ғғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

    «XVIII–ХХ ғғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

    2023 ж. 20 сәуір күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институтында «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» 7 томдық академиялық басылымының бесінші томын даярлау аясындағы «XVIII–ХХ ғғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізілді. Конференция жұмысын модератор, Институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Ш.Б. Тілеубаев кіріспе сөзімен ашты. Алғашқы ғылыми […]

  • «Қазақстандағы ХХ ғ. 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі өтті 

    «Қазақстандағы ХХ ғ. 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі өтті 

    2023 жылғы 14 сәуір күні ҚР Президенті архивінде 1993 ж. 14 сәуірдегі «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Шараны ҚР Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мустафина кіріспе сөзімен ашты, іс-шараның модераторы қызметін Архивтің ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу […]

  • «ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХИ ЖОЛДЫ САРАЛАУ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

    «ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХИ ЖОЛДЫ САРАЛАУ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» атты 7 томдық академиялық басылым әзірленіп жатыр. Төл тарихымызды жазу барысында бірқатар жұмыстар атқарылды. Қазақстан тарихы бойынша 7 томдықтың жоспары, тұжырымдамасы, міндеттері талқыланды. Республика көлемінде танымал тарихшы ғалымдардың қатысуымен методологиялық семинар-кеңес және бірнеше рет конференциялар өтті. 2023 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім […]

  • ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

    ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында сәуірдің 12 күні ғылым қызметкерлері күніне орай, салтанатты отырыс өткізілді. Институт атынан бірқатар ғылыми қызметкерлер: Ә. Нұрсан, О.Х. Мұхатова, М.Ж. Абдиров, Ж. Жеңіс, А.Т. Қайпбаева, Р.Е. Оразов, Р.Ж. Кубеев, Н.Н. Құрманалина,  А.Н. Қоңқабаева отандық тарих ғылымын дамытуға қосқан өзіндік үлесі және жеке ғылыми жетістіктері үшін “Құрмет” грамоталарымен марапатталды.  Отырыста […]

  • «АКАДЕМИК Қ.И. СӘТБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

    «АКАДЕМИК Қ.И. СӘТБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

    2023 жылғы 12 сәуірде «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залында «Академик Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 125 жылдық мерейтойына дайындық және оны өткізудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының (бұдан әрі-Институт) қатысуымен ұйымдастырды. Іс-шараны модераторы болып академик Қ.И. Сәтбаев мұражайының Достар клубының жетекшісі Базарбай […]