Жаңалықтар
-
«ХХ ғасырдың 30 жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» атты БНҚ ғылыми жобасының орындаушысы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Самат Жұматайұлының РФ Астрахан қаласындағы іс-сапары нәтижесі
26.09.2022-09.10.2022 аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Самат Жұматайұлы РФ Астрахан қаласындағы архив, кітапхана, музейлеріне (ГААО, АОНБ им. Н.К.Крупской, Астраханский государственный объединенный историко-архитектурный музей-заповедник) ғылыми іс-сапар жасады. Іс-сапар кезеңінде ГААО-де жоба тақырыбы бойынша тізімдемелер мен көптеген істер зерделенді, сканерлеуге және қолжетімді материалдардың көшірмелеріне тапсырыс берілді. Қазақстан тарихына қатысты естелік мекен-жайлар және […]
-
ҚР ҰҒА академигі Б.А. Төлепбаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды
2022 жылғы 6 қазанда ҚР ҰҒА академигі, қазақ-кеңес тарихшысы және партия қайраткері Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың құрметіне Д. Қонаев және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы ғалымның өзі ұзақ жылдар бойы тұрған үйдің қасбетіне мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды. Игі шараға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, Президиум мүшесі, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов […]
-
ЮНЕСКО А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуде
2022 жылғы 4 қазанда ҚР ҰҒА ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА Төралқасының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов, көрнекті мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткер, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының Парижде өткен 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ауқымды конференция Париж қаласында (Франция), ЮНЕСКО-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі […]
-
«Жұмабай Шаяхметов және Қазақстанның 1940-1960 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2022 жылғы 30 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР ҒЖБМ гранты бойынша «Көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметовтің өмірі мен қызметінің белгісіз беттері» жобасын жүзеге асыру аясында «Жұмабай Шаяхметов және Қазақстанның 1940-1960 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар (барлығы 40-тан астам адам) қатысты. Отырыста […]
-
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция
2022 жылғы 29 қыркүйекте «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» мемлекеттік тапсырма мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде ҚР ҒжЖБ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің негізгі нәтижелері»» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. […]
-
«Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық 7 томдығына арналған панелдік сессия
2022 жылғы 25 тамызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Ғылым және жоғары білім форумы» шеңберінде «Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық 7 томдығына арналған панелдік сессия өтті. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің басшылығымен ұйымдастырылған 2 күндік «Ғылым және жоғары білім форумы» шеңберінде өткізілген «Ежелгі дәуірден бүгінге […]
-
«КЕҢЕСТІК ШАРУАЛАРДЫҢ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 10.00-де «Кеңестік шаруалардың отандық және шетелдік тарихнамадағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени трансформациялану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – кеңестік шаруалардың отандық және шетелдік тарихнамадағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгеру мәселелерін зерттеудің ерекшеліктерін анықтау. Дөңгелек үстел № AP08052897 «Соғыстан кейінгі онжылдықтағы Қазақстан шаруалары: […]
-
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ, ШОҚАЙТАНУШЫ ӘБДУАҚАП ҚАРАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2022 ж. 22 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында түркітанушы ғалым, тарихшы, шоқайтанушы Әбдуақап Қарамен кездесу өтті. Тарихшы, этникалық қазақ, Түркияның Мимар Синан университетінде қызмет атқарады. 2002 жылы ғалым осы университетте «Мұстафа Шоқайдың басқаруы мен күресі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Дөңгелек үстел түркітанушы ғалымның 60 жылдық мерейтойына орай Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты […]
-
Институттың Жас ғалымдар кеңесі Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Жолдауын талқылады
2022 ж. 16 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты Жас ғалымдар кеңесінің кезекті отырысы өткізді. Іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау болды. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, медицина, білім және ғылым саласына, заң мен тәртіп мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар алдағы уақытта жоспарланған жаңа саяси бастамалар атап өтілді, оның ішінде кезектен тыс […]
-
Орынбор қаласына ғылыми іс-сапар қорытындысы
2022 жылы 15 тамыз – 08 қыркүйек аралығында «Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» жобасы бойынша Орынбор қаласына Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Күнекеев Аман Дәулетұлы іссапармен барды. Ғылыми іссапар кезеңінде Орынбор облысының біріккен Мемлекеттік архивінде жобаның тақырыптары бойынша тізімдемелері зерделеніп, сканерлеуге және қолжетімді материалдардың фото көшірмелері алынды. Атап айтсақ, жұмыс барысында Орынбор облысының біріккен Мемлекеттік архивінің (ОГАОО) қорларымен танысып, көбіне революцияға дейінгі кезеңнің 6-қор «Орынбор генерал-губернаторлығының […]
-
О научной командировке в город Москва, Россия с 27 июня по 16 июля 2022 года
В рамках выполнения проекта по гранту МОН РК «ИРН АР09261139 «Государственная, общественная и научно-педагогическая деятельность Смагула Садуакасулы» (на основе новых архивных и письменныхисточников)», командированы были в г. Москву, РФ руководитель проекта, ВНС, профессор Г.К. Муканова и научный сотрудник З.Б. Байжуманова. Осуществлены археографические работы по выявлению и копированию источников в архивах и библиотеках города Москвы с […]
-
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМ В.Т. ТЕПКЕЕВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
2022 жылдың 13 қыркүйегінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында тарих ғылымдарының докторы, РҒА қалмақ ғылыми орталығының тарих бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Тепкеев Владимир Толтаевичпен кездесу өтті. Владимир Толтаевич бір кездері Қазан қаласында (Татарстан Республикасы) орындалған “Қырым татарларының тарихы” атты бес томдық шығарманың үшінші томын жазуға белсене қатысқан. “XVII ғасырдың басындағы Ойраттар”,”XVII ғасырдың екінші жартысындағы Солтүстік Каспий жағалауындағы қалмақтар”,”Аюка-хан және оның […]